Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстанның су ресурстарын басқару жүйесін цифрландыру - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстанның су ресурстарын басқару жүйесін цифрландыру

📌 2024 жылы Қазақстан су секторын цифрландыру саласында елеулі қадам жасады. Су ресурстарын тиімдірек басқаруға және ықтимал табиғи апаттарды болжауға көмектесетін заманауи ақпараттық және аналитикалық жүйелер енгізілді.

📊 Қазақстан «Tasqyn» су тасқынын болжау жүйесін белсенді түрде әзірлеуде. Аталған ақпараттық жүйе ықтимал төтенше жағдайларды модельдеуге және нақты болжамдар жасауға мүмкіндік береді, бұл ауыр зардаптардың алдын алу үшін уақтылы шаралар қабылдауға көмектеседі.

📌 Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің 3,5 мың км суару желілерін цифрландыру жұмысы жүргізілуде. Атап айтқанда, Қызылорда облысында Жаңашиелі, О-2, Келінтөбе, Әйтек және Сунақата сияқты бес арнада суды есепке алудың автоматтандырылған жүйесін орната отырып, су жинау стансаларын қайта құру жобасы іске асырылуда. Жетісу, Түркістан және Жамбыл облыстарында – 2024 жылдан 2026 жылға дейін 16 суару каналы автоматтандырылады. Сондай-ақ Қызылорда облысында 16 магистралды және шаруашылықаралық каналдарды автоматтандыру үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Арналарды автоматтандыру судың сапалы әрі дәл есебін қамтамасыз етеді.

📱 @KZgovernment

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар