Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Оқуын оқиды, бірақ, жұмысқа қала бермейді - АРҚА АЖАРЫ

Оқуын оқиды, бірақ, жұмысқа қала бермейді

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде Ақмола облысында «Серпін» жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыс тобының отырысы өтті.

Отырысты аталған университеттің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры, жобалық кеңсе басшысының орынбасары Ардақ Қапышев жүргізіп, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» жобасын да белсендірудің негізгі мәселелері талқыланды.

Отырыс барысында қатысушылар «Серпін» жобасын іске асыру бойынша жобалық офис құру және оның жұмысын үйлестіру туралы хабардар етілді. Әрі бұл жоба әуелде жастарды оңтүстік өңірлерден солтүстік облыстарға жұмысқа тарту мақсатын көздегені еске салынды.

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Е.Мұхамедин өз сөзінде «Серпін» жобасына қатысты жұмыстың негізгі бағыттарын атап өтті, сонымен қатар, ол жобаны одан әрі жүзеге асыру жоспарымен таныстырып, облысымыздағы кадр тапшылығы мәселесіне тоқталды.

Айталық, қатысушылардың қаперіне салынған «Серпін» жобасының «Жол картасы» жұмысшы мамандықтарын танымал ету, осы жоба бойынша оқу бітірген түлектердің облысымызда жұмысқа орналасуына жағдай жасау және өңірдегі жұмыс берушілермен ынтымақтастық орнату шараларын қамтиды.

Ақмола облысында 2014 жылдан бері «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» – «Серпін — 2050» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Ол бойынша бүгінге дейін 1946 студент оқу бітірген. 

2023-2024 оқу жылында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде 217 түлек оқуын аяқтады. Олардың 172-сі педагогикалық мамандықтар, 41-і техникалық мамандықтар, ал, 4-еуі ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша білім алып шықты. Бұған қоса, 1690 студент оқуын одан әрі  жалғастыруда.

Сонымен қатар, 2023 жылдан бері А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті де осы жобаны іске асырумен айналысып, қазір бұл оқу орнында аталмыш жоба аясында 72 студент білім алуда.

«Серпін» жобасы жас мамандарды даярлауда және олардың облыс экономикасына табысты интеграциялануында маңызды рөл атқаратыны анық. Алайда, бір мойындайтын жай, оңтүстіктен келіп, осы жобаның шарапатымен оқу бітірген мамандар солай болуы тиіс болса да, біздің өңірде жұмысқа қала бермейді. Сондықтан да, бұл көрсеткіш кенжелеп тұр.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар