Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың құттықтауы - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен  құттықтаймын! Қазақстан халқының егемендігі мен береке-бірлігін бейнелейтін бұл мереке әрқайсымыз үшін ерекше маңызды және ұлтымыздың баға жетпес байлығы. Бұл күні біз ғасырлар бойы осы күнді аңсап өткен жəне сол үшін күрескен ата-бабаларымыздың рухының алдында басымызды иеміз.

Тәуелсіздік жылдарында біз үлкен және қиын жолдан өттік және көптеген биік белестерді өткердік. Еліміз егемендігін алған сәттен бастап ел әлеуеті артып, экономикамыз нығайды, халықтың әл- ауқаты жаңа деңгейге көтерілді. «Біз не істесек те, бәрін келер ұрпақ үшін жасаймыз. Мемлекеттік саясаттың болашақ алдындағы жауапкершілігін терең сезінеміз. Бұл ұстанымнан ешқашан айнымаймыз. Ең ғажайып ерліктер Отанға шексіз сүйіспеншіліктен туындайтыны сөзсіз. Шын отансүйгіштік дегеніміз – жалаң ұран тастау емес, еліңе, халқыңа қызмет ету», – деп атап көрсетті Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында.

Осы ретте, егемен еліміздің көркеюіне  ақмолалықтар да өзіндік үлестерін қосып келе жатқандығын атап өткім келеді. Биыл біздің облыс ауыл шаруашылығы саласында, инвестиция тартуда рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізді. Өндірісте, агроөнеркәсіп секторында, оның ішінде машина жасау,  өңіріміздегі шағын және орта бизнес салалары мен әлеуметтік салада көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Мұның барлығы әр облыс тұрғынының  қажырлы еңбегінің нәтижесінде мүмкін болғандығы анық.

Құрметті жерлестер!

Аймақ пен елдің игілігі жолында атқарып жатқан  адал және еселі еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін! Еңбекқорлық пен табандылық, елге деген зор сүйіспеншілік – бұл еліміздің экономикалық қуатын нығайтудың және саяси беделінің өсуінің кепілі, барлық қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартудың негізі.

Осы мереке күні әр шаңыраққа бақ-береке, ізгілік пен мейірім, дәулет пен молшылық, амандық тілеймін!

***

 Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

Өңірдің депутаттық корпусы атынан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

16 желтоқсан – еліміздің тарихындағы ерекше күн.  Бүгін біз бұл мерекені өз өмірін халық бостандығы үшін күреске арнаған ұлттық батырларды еске алу күні ретінде атап өтудеміз. Олардың Отанға деген жанқиярлық сүйіспеншілігі бүгінгі және болашақ ұрпақ үшін үлгі болып табылады.

Еліміздің Тәуелсіздігі – бұл ең жоғары байлық, елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау – біздің қасиетті борышымыз.

Биылғы жыл мемлекетіміз үшін жеңіл болған жоқ, бірақ бірлік пен келісімнің арқасында біз барлық сынақтарды сенімді түрде еңсерудеміз. Елімізде саяси және экономикалық реформалар, экономиканың барлық салаларын жаңғырту жалғасуда.

Ауқымды әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар іске асырылып жатқан Ақмола облысы да жыл соңына әлеуметтік-экономикалық дамудың жақсы көрсеткіштерімен жетті.  Бұл бастамалардың сәттілігі аймақтың әр тұрғынына байланысты.

Құрметті жерлестер, Сіздерді шын жүректен Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық пен амандық тілеймін! Ортақ үйіміз – Қазақстан гүлдене берсін, қасиетті тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!

Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар