Ақмола облыстық сотының алқасы Д.-ға қатысты қылмыстық іс бойынша бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдырды. Сот үкімімен Д.-нің мүлкі – ұрлық жасау кезеңінде сатып алынған автокөлік тәркіленіп, өзі 3 жыл 8 айға бас бостандығынан және материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. Бас бостандығынан айыру бөлігіндегі жазаның орындалуы Д.-нің баласы 14 жасқа толғанға дейін 4 жылға кейінге қалдырылды. Сонымен қатар, сотталушыдан мемлекет кірісіне 9 981 053 теңге өндіріліп алынды. Сот келесіні анықтады. Аудандық аурухананың есепшісі Д. «1С Бухгалтерия» бағдарламасындағы деректерді өзгертіп, аурухананың қызметкерлеріне жалақы мен басқа төлемдерді асыра жазып, төлем тапсырмаларында нақты адамдарды көрсеткен, ал, ақшалай есепте…