Жақсы аудандық прокуратурасы өңірдің жалпы білім беретін мектептеріне 52 миллион теңге көлемінде қысқы жылу беру маусымына қажетті көмір қорын жеткізбеу фактісін анықтады.
Мәселенің мәнісіне бойласақ, ағымдағы жылдың сәуір айында мемлекеттік орган тауар тасымалдаушымен 140 миллион теңгеге 8 мың тонна көмір сатып алу туралы келісім-шарт жасасқан.
Алайда, кейін сол мемлекеттік орган мердігер мекеменің жоғарыда айтылған осынша көлемдегі қыруар көмірді жеткізбеуіне қарамастан, актілерге қол қойған.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде қадағалау актісімен кінәлі тұлғалар қызметінен босатылып, мердігер келісім-шарттың толық орындалуын қамтамасыз етті.
Осылайша, прокуратура өз қадағалаушылық құқын қолдана отырып, аудан мектептерінде жылыту маусымының бұзылуына жол бермеді.
Ақмола облыстық прокуратурасы.