Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру бағытында талдау жүргізді.
Ағымдағы жылдың наурыз айында департамент Агенттікке «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу» функциясын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне қосу туралы ұсыныс енгізді.
–Функцияның мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қатарына қосылуы қызмет алушылардың құқықтарын қамтамасыз етуде басымдылық беріп, оны электрондық нысанда көрсетуге, одан әрі дамытуға жағдай жасайды, – деп мәлімдеді бұл ретте, департамент басшысы Думан Әбілев.
Департаменттің ұсынысы Агенттікпен мақұлданып, орталық уәкілетті органдарға жолданды. Осылайша, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 4 қыркүйектегі №535/НҚ бұйрығымен «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.