Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Шет ел компаниясымен ауыл шаруашылығы саласының келешегі сөз болды - АРҚА АЖАРЫ

Шет ел компаниясымен ауыл шаруашылығы саласының келешегі сөз болды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов John Deere компаниясының ТМД және Орталық Азия елдері бойынша президенті Чаба Лейкомен кездесті.

Кездесуде халықаралық ынтымақтастықты нығайту және Ақмола облысының ауыл шаруашылығы саласына заманауи технологияларды енгізудің басымдықтары талқыланды. Оның барысында жоғары технологиялық ауыл шаруашылығы техникасын жеткізу, салада өнімділікті арттыру және аграрлық секторды тұрақты дамыту үшін цифрлық шешімдерді енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Марат Ахметжанов облыстың аграрлық саладағы әлеуеті жоғары екендігін, ал, инновациялық технологияларды пайдалану өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін маңызды қадам болатынын айта келе:

–John Deere сияқты ауыл шаруашылығы техникасын өндіру саласындағы әлемдік көшбасшымен ынтымақтастық біздің өңірде жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Сондықтан, біз нәтижелі диалог пен бірлескен жұмысқа дайынбыз, – деді.

Чаба Лейко өз кезегінде John Deere компаниясының Қазақстандағы ауыл шаруашылығын дамытуға қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізіп, басқа елдердегі табысты жобалардың тәжірибесін атап өтіп, оларды жан-жақты таныстырды.

–Біз Ақмола облысы сияқты перспективалы өңірмен жұмыс істеу мүмкіндігін бағалаймыз. Біздің мақсатымыз – фермерлерге жаңа биіктерге жетуге көмектесетін сенімді құралдар мен технологияларды ұсыну, –деді компания президенті.

Кездесу аясында тараптар ауыл шаруашылығын цифрландыру және жаңғырту саласындағы жобаларды іске асыруға бағытталған бірлескен жұмысқа дайын екендіктерін білдірді.

Ақмола облысы мен John Deere компаниясы арасындағы ынтымақтастық өңірді орнықты дамыту және оның әлемдік аграрлық нарықтағы әлеуетін нығайту жолындағы маңызды қадам болары анық.

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар