Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Алаяқтық әрекет жарға жықты - АРҚА АЖАРЫ

Алаяқтық әрекет жарға жықты

Ақмола облыстық сотының алқасы Д.-ға қатысты қылмыстық іс бойынша бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Сот үкімімен Д.-нің мүлкі – ұрлық жасау кезеңінде сатып алынған автокөлік тәркіленіп, өзі 3 жыл 8 айға бас бостандығынан және материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Бас бостандығынан айыру бөлігіндегі жазаның орындалуы Д.-нің баласы 14 жасқа толғанға дейін 4 жылға кейінге қалдырылды. Сонымен қатар, сотталушыдан мемлекет кірісіне 9 981 053 теңге өндіріліп алынды. Сот келесіні анықтады. Аудандық аурухананың есепшісі Д. «1С Бухгалтерия» бағдарламасындағы деректерді өзгертіп, аурухананың қызметкерлеріне жалақы мен басқа төлемдерді асыра жазып, төлем тапсырмаларында нақты адамдарды көрсеткен, ал, ақшалай есепте басқаларды жазған. Бас бухгалтер мен бас дәрігер есептеулерді тексермей, құжаттарға ЭЦҚ-кілттерімен қол қойып отырған.

Осылайша, Д. қызмет бабын пайдаланып, өзінің және басқа адамдардың шоттарына сомаларды заңсыз есептеп, кейіннен оларды аударым арқылы немесе қолма-қол ақшамен өзіне қайтаруды талап етіп отырған. Бұл Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы бойынша қылмысқа жатады.

Осылайша, 2020-2022 жылдар аралығында Д. қылмыстық әрекеттерімен облыстық денсаулық сақтау басқармасына 10 миллион теңгеге жуық материалдық залал келтірді. Д.-нің кінәсі аудиторлық есеппен, куәгерлер мен аурухананың қызметкерлерінің айғақтарымен, олардың шоттарына түскен артық төлемдермен дәлелденді.

Жаза тағайындауда сот Д.-ның жас баласының болуын жеңілдететін мән-жай ретінде ескерді. Сөйтіп, алқаның қаулысымен Д.-ға қатысты үкім өзгеріссіз қалдырылды.

Сонымен қатар, сот қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою және жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы атына жекеше қаулы шығарды.

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар