Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қаржы пирамидаларының жұмысы заңға қайшы келуде - АРҚА АЖАРЫ

Қаржы пирамидаларының жұмысы заңға қайшы келуде

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен кезекті брифингте Ақмола облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Алмас Баймурзин журналистерді мекеменің жыл басынан бері атқарған жұмысынан толығырақ хабардар етті.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 28 қаңтардағы Жарлығымен  Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін Қаржы мониторингі агенттігі құрылған болатын. Агенттіктің құрылуы қаржылық барлаудың тиімділігін арттыру және көлеңкелі экономикаға қарсы күрес саласындағы жұмысты күшейту қажеттілігінен туындағаны анық. Сондықтан, қаржы және экономикалық жүйелердің тұрақтылығын қамтамасыз ету – осы агенттіктің бірден-бір басты міндеті.

–2024 жылдың қорытындысы бойынша біздің департаменттің өндірісінде 51 қылмыстық іс болды. Ағымдағы жылы 30 қылмыс тіркелді, олардың жартысынан көбі ауыр санаттағы істер. Өндірісте болған қылмыстық істердің басым бөлігі бюджет саласындағы ұрлық-қарлық туралы істер, олардың үлесі 47 пайыз. Қалған көлеңкелі экономика саласындағы қылмыстар – 29,4 пайыз, қаржы пирамидалары – 13,7 пайыз, өзге де қылмыстардың үлесі 9,8  пайызды құрайды. Департамент қызметінің басым бағыттарының бірі қылмыс жасау салдарынан келтірілген шығынды қайтару болып табылады. Департаменттің нәтижелі жұмысының арқасында мемлекетке 817 миллион теңгеге жуық шығын қайтарылып, 384 миллион теңгеден астам мүлік тәркіленді. Көлеңкелі экономикамен күреске, қаржы пирамидаларына қарсы тұруға ерекше назар аударылады. Сондай-ақ, заңсыз кәсіпкерлік қызметпен, жалған шот-фактуралар жазып берумен күрес, қылмыстық кірістерді заңдастыру да басты назарда, – деді өз сөзінде Алмас Баймурзин.

Құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға көмектесетін «Қарызсыз қоғам» сынды жобалар енгізілді. Сонымен қатар, бір жыл ішінде төрт қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды. Бұл қылмыстық істер сотқа жіберіліп, үкім де шықты.

–Ведомство жүргізіп жатқан алдын алу жұмыстары шеңберінде «Байқа, Пирамида!» және «АФМ-инсайдер» сияқты экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтармен күресуге бағытталған жеделхат-боттар әзірленіп, іске қосылды. Департамент интернет-кеңістікке мониторинг жүргізу ісін алда да жалғастыра береді. Жыл басынан бері заңсыз әрекетке жетелейтін контенті бар 1300-ден астам сайт бұғатталды, – деді келесі бір сөзінде спикер.

Тек қаржы пирамидаларын құру және басқару фактілері бойынша ғана емес, сондай-ақ, жарнамалау фактілері бойынша да сотқа жіберілген қылмыстық істер мен айыптау үкімдері бар. Әлеуметтік желілерде 2316 адам қатысқан 12 қаржы пирамидасының чаттары мен аккаунттары, осы қаржы пирамидалары мен басқа да алаяқтық ұйымдардың 416 заңсыз контенттері бұғатталған көрінеді.

Салтанат БӘКІРОВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар