Жарқайың ауданына – жаңа әкім

Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 18 желтоқсандағы өкімімен Ербол Жүсіпбеков Жарқайың ауданының әкімі болып тағайындалды.

Жаңа әкімді аудан активіне облыс әкімінің орынбасары Мұрат Балпан таныстырды.

Ербол Кәрімұлы Жүсіпбеков 1965 жылы Көкшетау қаласының Краснояр ауылында дүниеге келген. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы Көкшетау облысы Чистополь ауданы «Чистополь» совхозында зоотехник-селекционер болып бастаған. Әр жылдары Көкшетау жылқы зауыты директорының өндіріс жөніндегі орынбасары, «Шоқан» шаруа қожалығының басшысы болып жұмыс істеді.

2003-2009 жылдары Зеренді ауданының Садовое ауылдық округінің әкімі, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бастығы болды. 2009-2011 жылдары Зеренді ауданында «Қылшақты» ЖШС директоры болып жұмыс істеді.

2011-2020 жылдары Зеренді ауылдық округінің әкімі, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы, Зеренді ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

2020-2021 жылдары Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет етті.

2021 жылдың ақпан айынан бастап Сандықтау ауданының әкімі болды.

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар