Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бір сағаттық белдеу тиімді - АРҚА АЖАРЫ

Бір сағаттық белдеу тиімді

Мәселенің мәнісі

Бүгінгі Қазақстанда талқылап жатқан үлкен мәселелердің бірі – сағат белдеуіне қатысты сұрақтар болып отыр, осының төңірегіндегі мәселелер көптен қозғалып жүр. Былтырғы 1 наурыздан бастап, біздің Қазақстан территориясында бір сағаттық белдеу бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бұл УТС +5 деген белдеу, бұл белдеу дүниежүзілік 24 сағатқа бөлінетін, бөліп қараған кезде  67  ̊ — 87  ̊ арасын алып жатқан сағат белдеуі. Қазіргі Қазақстан территориясынан өтіп жатқан бұл  белдеуде 76 %-тен астам Қазақстан халқы тұрады екен. Сондықтан, бұл  өте қолайлы деп есептеймін. Жалпы халықтың көпшілігі осы сағатты пайдаланады.

Енді бұл жерде әртүрлі сұрақтар туындап жатыр. Адам денсаулығына, тағы басқа нәрселерге зиян тиіп жатыр, көп жарық жағып жатырмыз деген сияқты. Бұл мәселелер жөнінен ғалымдар, жергілікті мамандардың айтуына қарағанда, соңғы сағат  өзгергеннен бері қарай ешқандай адам денсаулығына да зиян келмегендігі, электр энергиясын пайдаланудың ешқандай артпағандығы айтылып отыр. Сондықтан, қазіргі таңда бұл сағаттың тиімділігі экономикалық жағынан өте тиімді. Жұмыс уақыты Қазақстан бойынша бір уақытта басталып, бір уақытта аяқталады. Сонымен қатар банк жүйесіндегі операциялар да солай. Көлік қарым-қатынасы, басқа транспорт түрлерінің жүру, келу уақыттары бір сағатқа бекітілгені қолайлы, яғни, бұрынғыдай адамдардың ұшаққа немесе поезға кешігіп қалулары болмайды деп есептеймін. Сондықтан бір сағаттық белдеуді Қазақстанда қолдануға толық болады, бұл әрі дұрыс.

Арман Жұмағазиев,
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
география және туризм факультетінің аға оқытушысы.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар