Әдеп жөніндегі уәкіл Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін бұзушылықтың алдын алуды қамтамасыз ету, әдеп нормаларының сақталуы жөніндегі қызметті жүзеге асырады.
Сондай-ақ, өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші болып табылады.
2024 жылғы мамырда Ақмола облысы әділет департаменті басшысының №152 бұйрығына сәйкес маған Әдеп жөніндегі уәкілдің міндеттері жүктелді. Әділет департаменті сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмауға және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауына бағытталған профилактикалық іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді. Әдеп нормаларын бұзудың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Мемлекеттік қызмет істері агенттігі өкілдерінің қатысуымен тұрақты семинарлар өткізіледі. Биылғы жылы мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуына тыйым салу басты қадамдардың бірі болды. Бұл бағытта қызметкерлер үшін профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылады, сондай-ақ, халықты осы жаңа талаптар туралы хабардар етуге бағытталған мақалалар жарияланады.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оның салдарын көрсету мақсатында қызметкерлер үшін тергеу изоляторына және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы іс бойынша сот процесіне бару ұйымдастырылды. Бұл іс-шаралар кәсіби стандарттарды қатаң сақтау қажеттілігін түсінуді күшейте отырып, заң мен этика нормаларын сақтамаудың неге әкеліп соғатынын нақты көрсетті.
Мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайту үшін БАҚ-та жарияланымдар жарық көрді және мемлекеттік қызметшілердің жетістіктері туралы телевизиялық сюжеттер көрсетіледі. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметке алғаш кірген немесе ол оған қайта оралған азаматтар үшін оқыту ұйымдастырылады. Бұл тренингтерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен мемлекеттік қызметте болуға байланысты талаптар түсіндіріледі.
Ұжымда қолайлы ахуал құру және командалық рухты нығайту мақсатында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің оқытушыларының қатысуымен экологиялық акциялар, балалар суреттерінің конкурстары, сондай-ақ, психологиялық тренингтер ұйымдастырылады. Үздік қызметшілер кәсіби шеберлігі мен мемлекеттік қызметтің дамуына қосқан үлесі үшін Құрмет грамоталармен, Алғыс хаттармен марапатталады.
Қызметтік әдепті бұзу туралы ақпараты бар азаматтарбізге 8 (7162) 25-39-24 телефоны бойынша хабарласа алады. Жеке қабылдау күн сайын сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі. 8 (7162) 40-22-50 нөмірі бойынша осы қабылдауға жазылуға болады. Бұл шаралар мемлекеттік қызметті қоғамның сеніміне лайық, ашық түрде қалыптастыруға бағытталып отыр.
Медет ЕДІРІСОВ,
Ақмола облысы әділет департаменті басшының орынбасары,
әдеп жөніндегі уәкіл.