Заң талаптары сақталмаған болып шықты

Степногорск қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның талаптарын бұза отырып, 84,8 миллион теңгегежылы аялдамаларды дайындау және орнату жұмыстарына ашық конкурс өткізуді көздегені анықталды.

Атап айтқанда, конкурс барысында жұмыстардыңжасалу жерін көрсетпеу, эскизді бекітпеу, сондай-ақ, бағаны белгілейтін құжаттамалық негіздемесіз ұсыну сияқты заңбұзушылықтар орын алған.

Қалалық прокуратураның қадағалау актісі бойынша конкурстың күші жойылды, бюджет қаражаты басқа да әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға бағытталды. Сөйтіп, сол арқылы бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді.

Оған қоса, орын алған бұзушылық үшін лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар