Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Басымдылық жергілікті өнімдерге берілуі тиіс - АРҚА АЖАРЫ

Басымдылық жергілікті өнімдерге берілуі тиіс

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Айжан Бижанова Ақмола облысында жұмыс сапарымен болып, кәсіпкерлер арасында өзекті мәселелерді талқылады. Вице-министрді облыс әкімінің орынбасары Ернар Жаркешов өңірдің кәсіпкерлік нысандарының жұмысымен таныстырды.

– Біздің компания сүт өнімдерін сатып алу, өңдеу және сатумен айналысады. Орта есеппен тәулігіне 60 тонна сүт өңдейміз, зауыттың жобалық қуаты жылына 7600 тонна. Биыл 7 миллиард теңгенің 20 мың тоннадан астам өнімін өндірдік.Ірімшік өңдеу процесін толық автоматтандыруды жоспарлап отырмыз. «Ғылым қоры» АҚ-мен ынтымақтаса отырып, қазақтың ұлттық өнімдерін шығаруға грант алдық, – дейді «Гормолзавод» ЖШС директоры Ерсайын Жақсылықов.

Кәсіпорын басшысы зауытта 204 адам жұмыс істейтінін, орташа жалақы 200 мың теңге екенін атап өтті. Ерсайын Жақсылықовтың айтуынша, биылғы жазда жұмыс істеу қиын болды, оның ішінде демпингтік бағалар болғандықтан, субсидиялардың келуін күту өте қауіпті. Болашақта компания жайма ірімшік пен балмұздақ ассортиментін шығаруды жоспарлап отыр.Балалар мен ересектердің сүйікті салқындатқыш өнімін шығару үшін жаңа жылда жаңа цех салынады. Ал, алдағы жылдары зауыт сүт сарысуын өңдеп, оданҚазақстан нарығына жеңіл, сіңімді, жоғары сапалы белок шығарылады, одан балаларға және спортшыларға арналған тағам дайындауға болады.

Вице-министр еліміздің басқа өңірлерінен келген сатып алушылардың тұтынушылық талғамын ескеру үшін маркетингтік зерттеулер жүргізуді ұсынды.

«Botai Development»АҚ президенті Арман Тәшенов вице-министрді «Орталық базар» сауда орталығының былтырғы қайта жөндеуден кейінгі жұмысымен таныстырды.

Айжан Бижанова Қазақстанда өндірілетін тауарлардың ассортиментін ұлғайтып, бұл үшін сауда алаңдарын көбірек ұйымдастыруды ұсынды. Сондай-ақ,вице-министр сауда айналымынан түсетін барлық қолма-қол ақша түсімдерін бақылау және фискалдық органдарда нақты уақыт режимінде көрсетіп, смартфондар арқылы ақша аударымдарын да алып тастау керектігіне назар аударды.

Кәсіпкерлермен кездесуде вице-министр жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, заңнаманы сақтау қажеттігін баса айтты. Оған қоса, нарықты жаңғырту және әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру мәселелері талқыланды.

Диалог барысында кейбір кәсіпкерлердің чек бермей, ақша аударымдарын пайдаланатыны айтылды. Сондықтан, бақылауды күшейтіп, тексерулер жүргізіп, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен өзара іс-қимылды жолға қою қажет.

– Отандық тауар өндірушілерді қолдаудың маңызды құралы министрліктің ішкі сауда субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету функцияларымен заңнамалық өкілеттіктерін беру болды. Бұл шара мемлекеттік қолдауға ие болған сауда орындарындағы сөре орнын тағы 20 пайызға кеңейту бойынша қарсы міндеттемелер шығаруға мүмкіндік береді.Енді сөрелердің кем дегенде 50 пайызы қазақстандық азық-түлік өнімдерімен, кемінде 20 пайызы азық-түлік емес тауарлармен толтырылуы тиіс. Сауда субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларымен неғұрлым көбірек қамти алсақ, сөрелерден отандық өнімдерді де солғұрлым көп көретін боламыз, – деді Айжан Бижанова.

Өз кезегінде сүт өндірушілер сауда орындарында табиғи сүт өнімдерімен қатар, сүт және ірімшік өнімдерінің де барын, бұл табиғи өнімдерді өндірушілер мен таратушыларға белгілі бір қиындықтар мен негізсіз бәсекелестік тудыратынын айтты.

– Биыл тұтынушыларды алдауды болдырмау үшін тауардың сапасы мен көрсетіліміне қойылатын талаптарды күшейттік. Мысалы, тауарларды орналастыру кезінде тауардың бір-біріне жақын орналаспауын қадағалау керек.Яғни, сүт сүтті сусындардың қасында, ал, сары май спрейдің жанында болмауы керек.– Бірыңғай ашық сауда алаңы құрылады, оған барлық кәсіпкерлер мен тауар өндірушілер кіре алады,– деді Айжан Бижанова.

Вице-министр сондай-ақ, халықты қажетті тауарлармен нарықтағы орташа бағадан төмен бағамен қамтамасыз ету үшін жәрмеңкелер өткізу маңызды екенін атап өтті. Қазіргі уақытта шаруа қожалықтарына қолдау көрсету үшін сауда алаңдары тегін беріледі, өтінім беру процесі толығымен цифрландырылған болуы керек.

Вице-министр қазақстандық өнімді ілгерілету арқылы қорғау шаралары күшейтіліп жатқанын хабарлады. Нәтижесінде қауіпсіз өнімдердің саудасы мен айналымдағы техникалық кедергілерді жою бойынша ахуалдық штаб жұмыс істеуде.  Сондай-ақ, 30 күшейтілген зертханалық бақылау режимі және импорттық өнімдерді әкелуге шектеулер қойылған.

Мәселен, еліміздегі сегіз бақылау-өткізу бекетінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері – құс еті, сүт және ет өнімдері күшейтілген бақылауға алынды.

Айжан Бижанова атап өткеніндей, сәуір айынан бастап тауар таңбасының мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізілген, бұған дейін ол жергілікті атқарушы органдардың бақылауында болған. Қазір сауда ставкасын асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту жұмыстары жүргізілуде және «ескертулер» айыппұлмен ауыстырылады.

– Сауда, логистика және тұтынушыларды іздеуде делдалдардың сатып алу процесіне қатысуына тыйым салуды енгізуді ұсынамыз. Ал, әлеуметтік маңызы бар өнімдерді өндірушіден түпкілікті тұтынушыға дейін бақылап отыруды қамтамасыз ету үшін біз Ұлттық өнім каталогын енгізіп жатырмыз, –деді Айжан Бижанова.

Ауыл шаруашылығы өнімдері саудасының ашықтығын қамтамасыз ететін, сапаны бақылау мен баға белгілеуді жақсартуға, сондай-ақ, отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін тауар биржалары саласындағы заңнама да жетілдірілуде.

–Биылғы жылы сауда саласында жеке инвестиция арқылы 8,4 миллиард теңгенің 54-тен астам жобасы жүзеге асырылуда. Облыста жергілікті және қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау, сондай-ақ, кәсіпкерлердің санитарлық нормалар мен тауарлардың сапасын бақылауды күшейту жөніндегі ұсыныстарын ескере отырып, осыған қолдан келгеннің барлығы жасалуда, – деді облыс әкімінің орынбасары Ернар Жаркешов вице-министрдің сапары барысында.

Вероника БУРДА,
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар