Ақмола облыстық жастар-ресурстық орталығы жылдағы дәстүр бойынша Жаңа жыл мерекесі қарсаңында «Жаңа жылдық такси» акциясын ұйымдастырды.
Осыған орай төртінші жыл қатарынан өткізіліп отырған акция барысында ақысыз автокөлік қала тұрғындарын қажетті жерлеріне жеткізіп отырды.
Акция аясында жолаушыларға жаңа жылдық тақырыптар бойынша түрлі сұрақтар қойылды. Сұрақтар жеңіл, орташа және күрделі болып, 3 деңгейге бөлінді. Дұрыс жауап берген қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.
– Аталмыш акцияны жыл сайын өткізу әдетке айналды. Қала тұрғындары мен қонақтарына қуаныш сыйлайтын қайырымдылық акциясы Жаңа жыл мерекесінің ерекшелігін білдіреді. Көптеген адамдардың жүзіндегі жылылықты байқағанда мереке қарсаңында өткізіп жатқан іс-шарамыздың орны бөлек деген ойға қаласың, – дейді облыстық жастар-ресурстық орталығының бөлім басшысы Асия Закенай.
Екі күн қатарынан өткізілген акция барысында жалпы саны 50-ден аса жолаушылар баратын жерлеріне тегін жеткізіліп, жастар орталығы мен автокөлік иелеріне алғыстарын жаудырды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.