Қайырымды қазақ баласы туралы ертегі

Астанадағы «Фолиант» баспасынан жерлес ақын-жазушы Баянғали Әлімжановтың «Мейірімді Асқар» атты ертегі кітабы жарық көрді.

Жаңа кітап туралы автордың өзі:

–Бұл 5 бөлімі түгел, түйінделген кітап. Қазақша, орысша жаздым, ағылшын, түрік, өзбек тілдеріне аударылды. Өзбек аудармашысы Нигора Умарова: «Баянғали, сіз Гарри Поттерден де асып түсетін ертегі жазыпсыз. Егер ертегіні ағылшын тіліне аударып шығарса, әлемдік бестселлер болады!» деп жазыпты. Өзбек қызы ақ ниетпен асырыңқырап та жіберген шығар, бірақ мұндай сөзді оңайлықпен айта да қоймас деп, бір мәз болып қалдым! Ал түрік тіліне аударған қазақ әдебиетінің атақты жанашыры, ғылым докторы Ашур Өздемір: «Мейірімді Асқар» шынымен де ерекше екен. Балалар түгіл, үлкендер де қызыға оқитын кітап бұл. Дәстүрлі мәдениетті, ауыз әдебиетін пайдалана отырып, мұндай заманауи шығарма жазу үлкен жаңалық деп ойлаймын. Қазір бізге керегі дәстүрді қайталау да емес, жоққа шығару да емес. Бізге керегі дәстүрден пайдаланып, өмірге жана, тың шығармалар келтіру! Көп жасаңыз, аға! Қаламыңыз қарымасын!» деп, ағынан жарыла өрелі ой айтыпты. Мейірімді, ақпейіл казақ баласының күллі әлеммен достығы жайлы ертегі жазғаныма шүкір! – дейді.

Ал, енді осы кітапқа ықылас танытатындар болса, оқып, таратып, балаларының керегіне жаратуларына болады. Ол үшін «Фолиант» баспасына хабарласып, тапсырыс бере аласыздар. Сату бөлімінің телефоны: +7 707 371 03 50.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар