Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Басты міндетіміз еңбек адамын қорғау болды - АРҚА АЖАРЫ

Басты міндетіміз еңбек адамын қорғау болды

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 6 тамыздағы №628 Қаулысына сәйкес мемлекеттік еңбек инспекциясының функциялары, өкілеттіктері мен штаты еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның қарамағына берілді.

Осының негізінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің аумақтық бөлімшесі – «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі (РММ) құрылды.

Мемлекеттік еңбек инспекциясының департаменті жұмыскерлердің еңбек құқықтары бұзылуының алдын алуға және оны болдырмауға, облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында еңбек жағдайларының және еңбектің қорғалуын жақсартуға, оның ішінде жалақыны уақытылы төлеуге бағытталған шараларды қабылдайды.

Тұрақты негізде прокуратура органдарымен және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, еңбек саласындағы ахуалға мониторинг жүргізіледі, сондай-ақ, анықталған еңбекақының берешегін өтеу бойынша жұмыс жүргізеді.

Еңбек заңнамасының талаптарын сақтау мақсатында 2024 жылдың ағымдағы кезеңінде мемлекеттік еңбек инспекциясының департаменті облыстың 186 кәсіпорны мен ұйымына тексеріс өткізді, оның барысында 211 заң бұзушылық анықталды. Оның 180-і еңбек қатынастары бойынша, 28-і еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша, 3-еуі халықты жұмыспен қамту бойынша бұзушылық мәлім болды. Жұмыс берушілерге осы бұзушылықтарды жоюға 117 нұсқама берілді.

Еңбек заңнамасын неғұрлым өрескел бұзғаны үшін 67 лауазымды және заңды тұлғаға 11501,5 мың теңге сомасында әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылды, 11 ескерту жасалды. 2024 жылдың басынан жеке және заңды тұлғалардың 1577 өтініші қаралды, оның ішінде еңбек қатынастары бойынша – 1479, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша 98 өтініш ескерілді.

Ағымдағы жылдың ішінде мемлекеттік еңбек инспекторлары облыстың 39 кәсіпорнында 186 жұмыскердің алдында 169,2 миллион теңге сомасында жалақы бойынша берешек барын анықтады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде бұл берешек толығымен төленді. Осы кәсіпорындардың басшыларына 39 ұйғарым берілді және 9,4 миллион теңге сомасына әкімшілік айыппұлдар салынды.

Сонымен қатар, Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес банкрот болған бір кәсіпорында 4 жұмыскердің алдында 7,2 миллион теңге сомасында берешек бары мәлім болды. Ол Бурабай ауданындағы «Синегорье» фирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Жалақы бойынша бұл берешекті өтеу жөніндегі шаралар «Оңалту және банкроттық туралы» заң шеңберінде қабылданады, оған бақылауды Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті жүзеге асырады. Сондай-ақ, облыс бойынша жеке сот орындаушыларының өндірісінде 11 кәсіпорынның 22 жұмыскері алдында 75,4 миллион теңге сомасында жалақы бойынша берешек бар. Осы берешектер «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заң шеңберінде өтелуі тиіс.

Облыста өндірістік жарақат алуды болдырмау бойынша қабылданып жатқан алдын алу шараларына қарамастан, 2024 жылдың есепті кезеңінде өндіріспен байланысты 60 жазатайым оқиға орын алды, оның салдарынан 66 адам зардап шекті, оның 14-і өліммен аяқталды.

Барлық жазатайым оқиғалар бойынша арнайы тексерістер жүргізілді, өндірістегі жазатайым оқиғалар туралы актілер жасалып, олардың нәтижелері бойынша жұмыс берушілер мен жұмыскерлер кінәсінің үлес салмағы айқындалды. Олар бойынша барлық материалдар іс жүргізу шешімдерін қабылдау үшін ішкі істер органдарына жіберілді.

Жазатайым оқиғаларға әкеліп соққан себептерге зардап шегушiнiң өзінің абайсыздығы, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау ережелерiнiң бұзылуы, жұмыс үдерісінің қанағаттанарлықсыз ұйымдастырылуы, қауiпсiз еңбек тәсiлдерiне үйретудегi кемшiлiктер, автожол қозғалысы ережелерiнiң бұзылуы, жеке қорғану құралдарының болмауы немесе қолданылмауы және тағы басқаларын жатқызуға болады.

Еңбек жағдайларын жақсарту және еңбекті қорғау, сондай-ақ, өндірістік жарақаттануды болдырмау мақсатында ағымдағы жылдың басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында жұмыс берушілерімен және лауазымды тұлғалармен 117 семинар мен сабақтар өткізді. Облыстың 22 кәсіпорнында өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау өткізілді.

222 кәсіпорын мен ұйымда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың халықаралық және ұлттық стандарттары енгізілген. 912-сінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер құрылды. 1020 техникалық инспектор бар. Оқу-консультативтік орталықтарында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы бойынша 1423 басшы мен маман оқытылып, аттестаттаудан өтті.

Атбасар қаласындағы «Қамқор Локомотив» серіктестігінің «Атбасар электровоз жөндеу зауыты» филиалына Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарын сақтау бойынша жұмыс берушінің қызметін декларациялағаны үшін «Сенім сертификаты» табыс етілді. Бұл «Жұмыс берушінің қызметкерлердің еңбек құқықтарын іске асыру жөніндегі қызметін ерікті декларациялау» жобасына қатысушыларға берілетін құжат.

Сонымен қатар, «Нөлдік жарақаттану-VisionZero» тұжырымдамасын енгізу және ілгерілету бойынша жұмыс берушілермен және кәсіпорын басшыларымен кездесулер өткізілуде. Бүгінге дейін облыс бойынша 3348 кәсіпорынмен «Нөлдік жарақаттану» тұжырымдамасын ілгерілету бойынша меморандумдар жасалды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында облыстың 5 кәсіпорнында «Халықтық бақылау» жобасы енгізілді. Бұл жоба кәсіпорындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды бақылауды күшейтуге арналған. Осы мақсатта мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамға бейімдеу үшін халықтық бақылаушылар жұмысына мүмкіндігі шектеулі адамдардың өздері тартылған, олар бейне бақылау жүйесінің көмегімен цехтарда болып жатқан оқиғаларды бақылайды және қауіпсіздік техникасының барлық бұзушылықтарын қадағалайды.

2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында 7396 ұжымдық шарт жасалып, қолданысқа енгізілді. Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру шеңберінде осы күнге дейін Ақмола облысында 8 055 кәсіпорын тіркеуден өтті және 164 876 еңбек шарты жасалды. Еңбек қауіпсіздігін сақтау бағытындағы мұндай жұмыстар алда да пәрменді түрде жалғасын таба бермекші.

Амангелді СМАЙЫЛОВ,
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар