Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 28 желтоқсандағы өкімімен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі және аудандық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Бауыржан Қасенов Біржан сал ауданының әкімі болып тағайындалды.
Бауыржан Қазыбекұлы Қасенов 1971 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Жоғары білімі бар, мамандығы – ғалым-агроном және экономист-менеджер.
Еңбек жолын 1988 жылы жұмысшы ретінде бастаған. 1994-2008 жылдар аралығында шаруашылық субъектілерінде жұмыс істеді.
2008-2012 жылдары Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметін атқарды.
2013-2016 жылдары Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аграрлық өнеркәсіп кешені комитетінде, «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің басқармасында жауапты қызметтер атқарды.
2016-2018 жылдары Павлодар облысы әкімінің орынбасары, 2018-2019 жылдары Павлодар облысы Успен ауданының әкімі болды.
2019-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бас инспекторы лауазымында қызмет атқарды.
2023-2024 жылдары «Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығы» КеАҚ басқарма төрағасы болды.