2025 жыл – жылан жылы болып, ол өзгерістер мен даналық жылы болады деп күтілуде.
Астролог Сьюзан Тейлордың айтуынша, бұл жылы климаттық өзгерістер, өнеркәсіптік дағдарыс және технологиялық жетістіктер орын алуы мүмкін.
Жаңа жылдың символы ақылды және айлакер адамдарға сәттілік әкеледі. Қаржы саласында оң өзгерістер болады, ал6 махаббат пен жеке өмірде рухани байлық пен өзгерістер күтілуде.
Денсаулық пен сұлулық саласында жаңару мен өзгерістерге қолайлы кезең. Астрологтар ескі зиянды әдеттерден бас тартып, салауатты өмір салтын ұстануға кеңес береді.
Нефрит императоры өткізген жыл күнтізбесіне ену сайысында жан-жануарлар арасында, 2025 жылдың символы өзінің айлакерлігінің арқасында енген. Сол себепті, алдағы он екі ай адамзат үшін ерекше болмақ, ал жеңіс тұғырынан тек ақылды әрі айлакер адамдар көрінбек. Сонымен 2025 жыл кімдердің жылы?
«Astrosage» астрологиялық журналының болжамы бойынша, шығыс жұлдызнамасының алтыншы белгісі Жылан жылы болмақ. Қытай Жаңа жылының күні жыл сайын өзгеріп тұрады. Биылғы жыл 2025 жылдың 29 қаңтарында басталып (Қытай жаңа жылы) 2026 жылдың 16 ақпанында аяқталады.
Бұған дейін жылан жылы 2013 жылы болған. The Breakthrough америкалық сараптамалық орталығының хабарлауынша, ол адамзат тарихындағы ең қолайлы жыл болған екен. Сарапшылар мұндай қорытындыға бірнеше факторларға сүйене отырып келген. Мысалы, сол жылы өлім-жітім саны аз болып, әлемде кедейлік деңгейі төмендеген екен. Кедейлік көрсеткіші, әсіресе, Үндістан мен Қытайда төмендеген. Сонымен бірге, бұл жылы әлемде соғыс салдарынан адам өлу, қылмыс саны, расизм және сексизм сияқты дискриминация деңгейі де аз болған екен.
Дайындаған Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.