Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жеңімпаз Көкшетау емханасы - АРҚА АЖАРЫ

Жеңімпаз Көкшетау емханасы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрімен Ақмола облысының әкімі арасында 2022-2024 жылдарға арналған Ақмола облысының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі Меморандумға қол қойылған болатын.

Жуырда осы меморандумды іске асыру шеңберінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалы «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көшбасшысы» байқауының қорытындысын шығарып, үздіктерді марапаттады.

1 қыркүйекте басталған бұл байқау үшайға созылды. Оған аймақтағы 27 алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымының 14-і қатысуға ниет білдірді. Бірқатар жұмыс өлшемдері бойынша дәрігерлерге қолдау көрсетуді көздеген байқау тартысты өтті.

–Негізгі 5 бағыттың ең бастапқысы, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуде тұрғындар тарапынан сенімділікті арттыру болып табылады. Екіншісі ұсынылған бағыт – қызмет түрін молайту. Одан кейінгісіөңірдіміндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тарту. Сонымен бірге тұрғындар тарапынан шағымдар санын азайту, – деді өз сөзінде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының басшысы Талғат Тұрмағанбет бұл орайда.

Конкурстық комиссия байқауға әр қатысушының жұмысын жіті тексеріп, бағалады. Оның қорытындысы бойынша шекті балл жинағандар және одан асып түскендер ретінде анықталды. Нәтижесінде Көкшетау қалалық емханасының алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметі үздік деп танылды.

–Біздің жұмысымызды обьективті әрі нақты бағалағанына қуаныштымыз. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары денсаулық сақтау жүйесінде алдыңғы шепте тұрады. Тұрғындар денсаулығының жай-күйі осы қызметтегі адамдардың кәсіби біліктілігі мен оперативтілігіне тікелей байланысты. Сондықтан,халықтың өмір жасын ұзартуда маңызды орын алатын осы қызмет түрін жетілдіруге әрдайым жете күш салып келеміз, – дейді бас дәрігер Ғалия Сабатаева.

Байқауда Жақсы аудандық ауруханасы екінші орынды, ал, «Панацея клиникасы» жүлделі үшінші орынды иеленді.

Салтанат БӘКІРОВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар