Тоқтылар
2025 жылы Тоқтылар өзін тұлға ретінде әрі өмірдегі жолын өзгертеді. Сатурнның 24 мамырдан 1 қыркүйекке дейін және Нептунның 30 наурыздан 22 қазанға дейін Тоқтыларға өтуіне орай, сондай-ақ Балықтардағы Солтүстік айналымның салдарынан олар өздерінің жан жарасын емдеп, бұрынғыдан да ақылды әрі байыпты бола түседі. Астрологтар Тали және Офира Эдуттың пікірінше, Егіздердегі Юпитер мен Уран жұлдыз белгілерінің алғашқысының романтикалық ара қатынасына интеллектуалдық шырай береді екен. Десе де, наурызда Тоқтылардағы ретро Шолпан мен Меркурийдің әсерінен олардың жеке өмірі сыналатын болады. Ал 9 маусымдағы Шаяндардағы Юпитер отбасылық қарым-қатынастарды нығайта түспек.
Торпақтар
Астролог Сьюзан Тейлордың мәліметінше, Торпақтарды ілгері даму мен сынақтар жылы күтіп тұр. Олардың ішкі күші мен прагматизм келер жылы Торпақтардың жан серігіне айналмақ. Шолпан мен Марстың үйлесімінің арқасында көктемде Торпақтардың жеке өмірі түрлі эмоциялар мен тосын сыйларға толы болмақ. Жылдар бойғы сезім күшейіп, неке қиылуы мүмкін немесе отбасында сәби дүниеге келуі ықтимал. Биылғы жылы басы бос Торпақтарда жаңа таныстықтар орын алады.
Шаяндардағы Юпитер маусымда жұлдыз белгісіне оқу және мансапта көтерілу мүмкіндігін әкеледі. Сол себепті күнделік жүргізіп, өз ойларыңыз бен түстеріңізді жазып отырыңыз. Энергияңызды спортқа, ал эмоцияңызды шығармашылыққа жұмсаңыз.
Егіздер
Егіздер үшін жұмыстағы табыс, ал қаңтардың соңында зор жетістікпен басталады екен. Шолпанның әсері олардың қаржылық табысын жақсартады. Жеке өмірлерінде де оң өзгерістер орын алады, алайда ара қатынасқа тым асықпаңыз. Марс Егіздерге бірлескен міндеттерге екеуара, бірге жеткен дұрыс деген кеңес береді. Ақпан-cәуір айларында Егіздердің назары мансап пен махаббатқа ауады. Тамыз айында зор қаржылық табыс түссе, жеке өмірде бәрі керісінше сыналатын болады. Жыл соңында бәрі дұрысталатын болады. Денсаулық берік, ал жүйке жүйесі тыныш болады деп күтілуде.
Шаяндар
Астролог Беджана Дарувалланың айтуынша, 2025 жылы Шаяндар жұмыс бойынша үнемі саяхаттайтын болады. Ол жұлдыз белгісіне тек пайда ғана емес жанына рахат та сыйлайды. Марстың Шаяндарға өтуі олардың қызметте өсуіне және лауазымды адамдардың қамқорлығында болуына жағдай жасайды. Сол сияқты биылғы жылы оларға бизнес үшін несие алу мүмкіндігі туындап тұр. Одан бөлек қор нарығы мен лотереяға ақша салудан бас тартқаныңыз жөн болады. Отбасылық өмірде аздаған кідіріс орнайды. Десе де тамыздағы Шолпанның Шаяндарға өтуі жағдайдың бәрін жақсартады деп болжанып отыр.
Арыстандар
Astrosage астрологиялық басылымының хабарлауынша, 2025 жылы денсаулыққа көңіл бөлуге тура келеді. Бұл жылы жұлдыз белгісі шаршаңқылықты, сүйек пен денеде сырқырауды сезінуі мүмкін. Қаңтардан наурызға дейін Сатурнның ауысуына қарай, бас ауруы, асқазанға қатысты мәселелер, ақыл-естегі ауытқулар орын алуы мүмкін. Юпитер оқуға көмектеседі. Рахудың мамыр айынан бастап ауысуы, жұмыс пен бизнесте асықпай шешім қабылдауды талап етеді. Табысқа кенелуде төзімділік танытқан жөн. Табыс артады. Ал жұмыстағы романтикалық қарым-қатынас отбасын құруға әкеп соқтыруы мүмкін.
Бикештер
Astroyogi астрологиялық басылымының хабарлауынша, жылан жылы Бикештер үшін жеке, кәсіби және қаржылық мүмкіндіктер жылы болмақ. Студенттерді биыл оқуда табыс пен жаңа ашулар күтіп тұр. Бикештер биыл ақша жинап, бағалы заттар сатып ала алады. Отбасылық өмірде аздаған қиындықтар туса да, оларды шешуге болады. Жұлдыз белгісі биылғы жылы өздерін физикалық әрі рухани тұрғыдан да жетілдіреді. Романтика мен бірге қарым-қатынасты болу жеке өмірді жаңа деңгейге көтереді. Мансап та өрлей түседі. Кәсіпкерлер күтпеген табысқа жететін болады.
Таразы
Astrotalk басылымының мәліметінше, жаңа жылда Таразылар отбасында жылы қатынас орнатуға, жақындарымен ара қатынасты күшейтуге көп көңіл бөледі. Берік қарым-қатынастарға қарамастан, жыл ортасында кикілжіңдер орын алуы мүмкін. Ондай жағдайда сабырлық танытқан жөн болады. Йога, пилатес немесе жүзу белсенді өмір салтын ұстануға әрі күйзеліске түспеуге көмектеседі. Мереке, қоғамдық іс-шараларда көп тамақтанудан аулақ болыңыз. Уақтылы тексертулер мен денсаулыққа көңіл бөлу – жылды табысты әрі сәтті етеді.
Сарышаян
2025 жыл Сарышаян үшін толық өзгеріс жылы. Әр ай тосын сыйлар мен мүмкіндіктерге толы болады. Сәуір мен шілде айларындағы қаржылық әрі кәсіби сынақтар жұлдыз белгісін бұрынғыдан да күшті әрі табысты етеді. Жеке өмірде де тың өзгерістер болады. Маусым айында болатын сарышаяндардағы Юпитер – ашық сөйлесу мен сенімді күшейтудің тамаша кезеңі болмақ. Қараша айындағы Сарышаяндағы Шолпан махаббатты күшейте түседі. 21 қыркүйектегі Күннің тұтылуы жан жарасын емдейді. Сондықтан, тыныс алу жаттығулары мен уақтылы ұйықтауды әдетке айналдырған жөн болады.
Мергендер
Жаңа жылда тәуелсіз Мергендер үшін еркіндікті ұжыммен бірге жұмыс пен берік махаббаттың есебінен табысқа алмастыруға тура келеді. Өзіңіздің жеке шекараңызды біліңіз, өз қалауыңызды айтып үйреніңіз, сондай-ақ жұмыс пен жеке өмірдегі серігіңізді тыңдап, сыйлап үйреніңіз. 11 қаңтар Ай торабы Балықтар мен Бикештерге өткен уақытта отбасылық мәселені екінші орынға қоймаңыз. Мансабыңызға қатысты нақты жоспар құрыңыз, оны жеке өміріңізбен бірге үйлестіруге тырысыңыз. Тоқтылардағы Сатурн мен Нептун жеке өмірде жол ашады. Жыл соңында жақсы табыс тауып, өзіңіздің сүйікті ісіңізге көңіл бөлуге уақыт табылады.
Тауешкілер
11 қаңтардан бастап Солтүстік торап Балықтарға өтеді, сөйтіп Тауешкілердің өмірін өзгертеді. Бәріне үлгеру үшін жоспар құрып, уақытты бақылауға алуға тура келеді. Нептун мен Сатурн Тоқтыларға болған сәтте, үйіңізде тұрақтылықты қамтамасыз етіп алыңыз. Егіздердегі Юпитер мен Уран, Тауешкілердің әдеттерін өзгертеді. Күнделікті өміріңізді жеңілдетуге тырысыңыз, сол сияқты энергияңызды көбейту үшін фитнес-бағдарлама жасап алыңыз. 9 маусымнан басталатын Шаяндардағы Юпитер жаңа романтикалық кездесуге немесе іскерлік серіктестікке алып келеді.
Суқұйғыштар
2025 жылы Суқұйғыштарға бойларындағы талантты ашуға тура келеді. Өз идеяларыңызды ортаға салыңыз. Сіздің бұл ерекшелігіңізді айналаңыз міндетті түрде бағалайтын болады, сондықтан, табысты жұмысқа, бизнесте ортақ келісімге немесе жүрегіңіздің иесін табуыңыз мүмкін. 11 қаңтарда Солтүстік торабы Балықтарға өткенде, өзіңіздің ыңғайлылығыңыз үшін табыс тауып, активтерге инвестиция құйыңыз. Тоқтылардағы Сатурн мен Нептун жұлдыз белгісін сахна немесе саясатқа алып келуі мүмкін. 9 маусымнан бастап ойыңыз бен тәніңізді дамытатын өмір салтына көшіңіз.
Балықтар
2025 жылы Балықтарды ерекше өзгерістер күтіп тұр. Бұл жыл шығармашылық, интуитивті және эмоционалды өмір үшін таптырмас жыл болмақ. Материалдық тұрғыдан қиындықтар туындауы мүмкін немесе бәрінен үнемдеуге тура келеді. Жеке өміріңіздегі өзгерістерден абайлаңыз. Жаңа жылда сүйіктіңізге өз ойыңызды ашық айтып, жоспарларыңызбен бөлісіп үйреніңіз. Маусым мен қыркүйек айларындағы романтикалық сапарлар жаңа таныстықтарға алып келеді. Күнделікті өміріңізге йога мен медитацияны енгізіңіз. 2025 жылы барлық жұлдыз белгілерін табыс күтіп тұр. Жұлдыз белгілерінің кейбірін сынақтар күтіп тұр, алайда осы қиындықтардың арқасында олар өздерінің төзімділігін арттыра түседі. Жылды барынша табысты өткізу үшін, жоғарыдағы кеңестерге құлақ түріңіз.
Дайындаған Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.