Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 28 желтоқсандағы өкімімен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Серік Құдабай Сандықтау ауданының әкімі болып тағайындалды.
Серік Кеңесарыұлы Құдабай 1982 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Білімді жо5ары, мамандығы – мұғалім, мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры.
Еңбек жолын 2004 жылы «Сандықтау тынысы» газетінің тілшісі болып бастады. 2004-2012 жылдары Сандықтау ауданы әкімі аппаратының жетекші маманы, бас маманы, бөлім басшысы қызметтерін атқарды.
2012-2018 жылдары аудандық Сандықтау ауданы әкімі аппаратының басшысы болды.
2018-2024 жылдары Ақмола облысы әкімі аппаратында бас инспектор, бөлім басшысы, Көкшетау қаласы әкімі аппаратының басшысы, қала әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.
Тағайындалғанға дейін Ақмола облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары-іс басқарушы лауазымын атқарған.