Белгілі журналист, марқұм Бейсен Құранбектің идеясының желісімен түсірілген «Ұстаз» фильмін көріп, қатты әсер алдым. Ол әсерді осы фильмді көрген әр ұстаз сезіне алды деген ойдамын.
Рас, бүгінгі күні елімізде өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру жолында бар күш-жігерін сарп етіп, аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздарымыз баршылық. Президент меңзеген қоғамның басты кейіпкерлері, осы ұстаздардеп атап өткен еді.Қазіргі уақытта педагог мәртебесі мен қоғам алдындағы ұстаздың бейнесі мен беделі жоғары.
«Ұстаз» фильміндегі қарапайым ауыл мұғалімі Ілиястың рөлін шебер сомдаған актер Еркебұлан Айдымбаев еліміздегі барша педагогтердің адал еңбегін шынайы көрсете білді. Ауылдық мектепке жұмысқа орналасқан ұстаз, балаларға білімнің шырағын жағуы,оқушылардың мақсат міндеттерінің айқындап беруінің өзі үлкен күш пен қажырлы еңбекті талап етеді. Жалпы алғашқы жұмысқа орналасқан күннен бастап, оқушылардың алдында өзінің мәртебесін жоғары қоюының өзі тамсандырады. «Ұстаз» деген сөзді естіген әр оқушы құрметпен қарауға үйренеді. Жүрек түкпіріндегі мен ұстаз боламын, шәкірт тәрбиелеу жолында қызмет етемін, әр қазақ баласының болашағының жарқын болуына өз үлесімді қосамын деген ұстазға мотивация.
“Ұстаз” фильмінің әсері туралы ой бөлісер болсақ, бұл туынды көрерменге терең әсер қалдырады. Фильм мұғалім мамандығының қаншалықты жауапкершілік пен құрметке лайық екенін көрсетіп қана қоймай, қоғамдағы білімнің рөлін де айқындайды.
Фильмдегі кейіпкерлердің шынайылығы, мұғалімнің балалармен байланысы, олардың өмірін жақсы жаққа өзгертуге деген ұмтылысы жүрекке жетеді. Мұғалімнің жанкештілігі, өмірлік қиындықтарға қарамастан, өзінің негізгі мақсатын – білім беру мен тұлға қалыптастыруды жоғары қоюы кез-келген адамды ойландырады.
“Ұстаз” тек білім беру саласындағы мамандарға ғана емес, әрбір адамға адамгершілік, төзімділік, жанашырлық секілді қасиеттердің қаншалықты маңызды екенін сезінуге мүмкіндік береді. Ол бізге әрбір мұғалімнің жеке тұлға ретінде де, қоғам үшін де маңызды екенін ұғындырып, ұстаздықтың шынайы бейнесін ашады.
Қазіргі таңда педагогтер мемлекет тарапынан көрсетілген қамқорлықты айқын сезінуде. Ендігі жерде фильм кейіпкері Ілияс ұстаз секілді ұстаздар көп болса, ауыл мен қала арасындағы білім сапасының алшақтығы әлдеқайда қысқара түсері хақ. Әр «Ұстаз» жүрегінің төрінен орын алары сөзсіз.
ҰСТАЗ-есіміне еш кір келтірмей, жоғарда ұстауымыз керек. Фильм маған қатты әсер қалдырды…
Қарекет түбі-берекет!
Әсерлі ой түйіп, өз жазбамды қалдыруды жөн көрдім.
Дәнекер Холганатқызы
Дәнекер Холғанатқызы – өз ісіне адал, білімді, және шынайы ұстаз. Ол мектепте балаларға тек білім беріп қана қоймай, оларға өмірлік құндылықтарды үйретуге де ерекше мән береді. Оның оқушыларына деген қамқорлығы, сабырлылығы және кәсіби шеберлігі әрдайым байқалады.
Дәнекер Холғанатқызы сабақ барысында заманауи әдістерді қолдана отырып, оқушылардың қызығушылығын арттырады. Оның сабақтары әрқашан тартымды, пайдалы әрі тәрбиелік мәні жоғары. Ол балалардың жеке ерекшеліктерін ескеріп, әр оқушыға жеке көңіл бөле алатын білікті маман.
Сонымен қатар, ол ұжымда сыйлы, әріптестерімен жақсы қарым-қатынас орната алған. Оның еңбекқорлығы мен жігерлілігі жас мамандарға үлгі. Мұндай ұстаздардың еңбегі – болашақ ұрпақтың табысты азамат болып қалыптасуына үлкен үлес қосады.