Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бүгінгі жұмыстар тасқынның алдын алуға мүмкіндік береді - АРҚА АЖАРЫ

Бүгінгі жұмыстар тасқынның алдын алуға мүмкіндік береді

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен жиында гидротехникалық нысандарды салу және қайта жаңарту бойынша қолға алынған жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Облысымызда көктемгі ықтимал су тасқынына дайындық қызу жүріп жатыр. Тиісті шаралар жоспары аясында гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне ерекше назар аударылып, жаңа нысандардың құрылысы мен қолданыстағы су қоймаларын қайта жаңартуға мән берілуде.

Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Джанет Микішевтің айтуынша, қазіргі уақытта өңірде Жабай, Шағалалы және Қалқұтан өзендерінде жағалауды нығайту және өзен түбін тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Жібек жолы ауылында қорғаныс бөгеттерінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл су тасқынының алдын алуға және жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, Шортанды ауданының Дамса ауылында және Жақсы ауданының Чапаев бөгетінде су өткізу құрылыстарын қайта жаңарту жұмыстары қолға алынған. Бұл олардың өткізу қабілетін арттырып, су басу қаупін азайтуға бағытталған. Барлық шаралар «Демеу Қазақстан қоры» корпоративтік қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылуда.

Өңір басшысы отырыста жоспарланған іс-шараларды уақытылы және сапалы орындаудың маңыздылығын атап өтті. Ол тиісті қызметтерге жұмыстың барысын бақылауды күшейтуді және жергілікті билік органдарымен өзара тығыз байланыс орнатуды тапсырды. Әкім су тасқынына дайындықты кешенді түрде іске асыру қауіп-қатерді азайтуға, халықты қорғауға және инфрақұрылым нысандарын сақтауға көмектесетінін атап өтті.

– Жұмыстардың сапасы мен орындалу мерзімін бақылау қоғам тарапынан да, мемлекеттік органдар тарапынан да жан-жақты жүргізілуі тиіс. Бұл бастамалар халықтың қауіпсіздігін арттыруда, төтенше жағдайлардың алдын алуда және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуде стратегиялық тұрғыдан маңызды, – деді облыс әкімі.

Жиын қорытындысы бойынша тиісті жұмыстарды ұйымдастыру және белгіленген міндеттерді іске асыру үшін қосымша ресурстарды тарту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар