Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Емтихан  тапсыру үшін Астана мен Көкшетау қалаларына... - АРҚА АЖАРЫ

Емтихан  тапсыру үшін Астана мен Көкшетау қалаларына…

Ақмола облыстық мәслихаты  экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Марат Қойшыбаевтың төрағалығымен өткен комиссия отырысында Атбасар ауданы тұрғындарының көлік жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру рәсіміне қатысты өтініштері қаралды.  

Отырысқа депутаттар Руслан Шамкенов, Ғалымхан Саханов, Қалел Рахматулин, Алмаз Мұхамедьяев және Айдын Төребаев, Ақмола облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары С.Әбутәліпов, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалы директорының орынбасары С.Маликов және басқалары қатысты.

Депутат Ғалымхан Саханов түсіндіргеніндей, жақында Атбасар қаласындағы автомектепте оқитын курсанттарға теориялық емтихандарды тапсыру Атбасар ХҚКО-сында емес, Астана немесе Көкшетау қалаларында жүзеге асырылатыны туралы хабарлама келген болатын. Бұл – курсанттар қосымша жол жүру және тамақтану шығындарын көтеруі керек дегенді білдіреді. Арасында қолайсыз ауа райы да болып қалады. Сонымен қатар, курсанттар арасында түрлі мекемелерде жұмыс істейтін және үй шаруасындағы әйелдер, студенттер мен жұмыста жүрген жастар да бар. Жұмыс берушілердің барлығы бірдей облыстық немесе республикалық ХҚКО-ға емтихан тапсыру үшін қызметкерін жіберуге келісім бере қоймайды. Сонымен қатар, емтихан қабылдайтын жер кей кезде жұмыс істемейді.

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалы директорының орынбасары С.Маликовтың ақпараты бойынша Атбасар ауданының халыққа қызмет көрсету бөлімінде теориялық емтиханды қабылдау «Азаматтарға арналған үкімет» орталық аппаратының нұсқауына сәйкес 2023 жылғы 30 қарашадан бастап белгісіз мерзімге тоқтатылған болатын. Степногорск қаласы мен Есіл, Ақкөл, Бурабай, Жарқайың аудандарында да көлік жүргізу емтихандарын тапсыру жағдайы осындай.

Сондықтан, халықтың сұранысы бойынша облыстық филиал Атбасар ХҚКО-сында курсанттар жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан қабылдау мәселесін қайта қарау туралы халыққа қызмет көрсету жөніндегі мамандандырылған орталықтарды дамыту департаменті аппаратына хат жолдады. Егер орталық аппарат мұны қолдаса, атбасарлықтарды қинаған бұл мәселе оң шешімін табады деп мәлімдеді отырыста С.Маликов.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар