Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Олжас Бектенов: Мемлекет басшысы алға қойған міндеттер аясында Үкіметтің экономикалық блогы сарапшылар тобымен бірлесіп, бюджет-салық және тариф саясаты реформалары бойынша жаңа тәсілдер әзірлеуде - АРҚА АЖАРЫ

Олжас Бектенов: Мемлекет басшысы алға қойған міндеттер аясында Үкіметтің экономикалық блогы сарапшылар тобымен бірлесіп, бюджет-салық және тариф саясаты реформалары бойынша жаңа тәсілдер әзірлеуде

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы алға қойған міндеттер аясында жақын арада бюджет-салық және тариф саясаты реформалары бойынша жаңа тәсілдер ұсынылатынын атап өтті.

«Президент “Ана тілі” газетіне берген сұхбатында Үкіметтің міндеті экономиканың өсімін қамтамасыз ету және азаматтардың әл-ауқатын жақсарту екенін атап өтті. Біз қарқынды экономикалық өсімді қамтамасыз етуіміз қажет. Осыған орай, Премьер-министрдің орынбасары Серік Мақашұлының жетекшілігімен Үкіметтің экономикалық блогы сарапшылар тобымен бірлесіп, бюджет-салық және тариф саясаты реформалары бойынша жаңа тәсілдер әзірлеуде. Оның ішінде әлеуметтік қамсыздандыру саласына қатысты мәселелер де бар. Аталған тәсілдер сарапшылар қауымдастығымен жан-жақты талқылаудан кейін ұсынылады», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар