Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мобильді аударымдар туралы нені білу керек? - АРҚА АЖАРЫ

Мобильді аударымдар туралы нені білу керек?

Қаперіңізде болсын!

Мобильді аударымдарды бақылау заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығаруға бағытталып отыр.

Өлшемшарты бір жеке тұлғаның қатарынан үш ай бойы әр айдың ішінде жүз және одан да көп әртүрлі тұлғалардан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналмаған банк шотына ақша қаражатын алуы болып табылады. Мобильді аударымдар Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 29 наурыздағы №323 бұйрығына сәйкес бақыланатын болады.

2025 жылдан бастап бұғанбанктерден ақпарат ұсынылады.2024 жылдың қорытындысы бойынша ол жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшыларын және олардың жұбайларын қамтиды.

Аталған шара жасырын кірістер мен тіркелмеген кәсіпкерлерді анықтауға бағытталған, өйткені, көптеген кәсіпкерлер тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін төлемді кәсіпкерлік қызметке арналмаған жеке шоттарға мобильді аударымдар арқылы қабылдайды.

Бұдан басқа қолданыстағы өлшемшарттан жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқығы бар тұлғаларды алып тастау бойынша да  өзгерістер  енгізіліп жатыр.

Сондай-ақ,  өлшемшартты «бір жеке тұлғаның қатарынан күнтізбелік үш айдың әрқайсысының ішінде жүзжәне одан да көп әртүрлі тұлғалардан банк шотына жалпы сомасы 3 ЕТЖ-ден асатын ақша қаражатын алуы»  деп  қабылдау ұсынылады. (ол 01.01.2024 жылғы жағдай бойынша 255 мың теңге).

Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің  баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар