Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Цифрлар тасасында қамқорлық жатыр   - АРҚА АЖАРЫ

Цифрлар тасасында қамқорлық жатыр  

Әлеуметтік қорғау

2024 жылы біздің облысымызда жалпы сомасы 935,9 миллион теңгенің атаулы әлеуметтік көмегін (АӘК) 1 761 отбасы немесе 8 120 адам алды. Мұның орташа мөлшері 10 460 теңгені құрады.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік кодекске сәйкес АӘК тағайындау үшін кедейлік шегі халықтың орташа табысының 35 пайызы деңгейінде, бірақ, қолданыстағы деңгейден төмен емес, яғни, өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы деңгейінде айқындалады.

Ұлттық статистика бюросының 2025 жылғы 1 тоқсанға арналған болжамына сәйкес Ақмола облысы медианалық табыстан АӘК тағайындауға көшпейді. Ақмола облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы кедейлік шегі 35 529 теңгені, медианалық табыстан 35 пайызы кедейлік шегі 32 571 теңгені құрайды.

Инновацияларға қатысты 2025 жылдан бастап учаскелік комиссиялардың қызметін цифрландыру басталды.

АӘК тағайындау кезінде учаскелік комиссиялар отбасының материалдық жағдайына жүргізілген тексеріс негізінде АӘК-ті көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады. Бұрын бұл зерттеу қағаз түрінде жүргізілді.

Осылайша, учаскелік комиссиялар үшін тексеру жүргізу кезінде формальды тәсілді автоматтандыру және болдырмау мақсатында FSM social мобильдік қосымшасы әзірленді.

Мобильді қосымшаны пайдалану кезінде учаскелік комиссияның мүшесі отбасының материалдық жағдайы бойынша барлық деректерді оған енгізеді, алдын ала қорытынды шығарады және учаскелік комиссияның басқа мүшелеріне қол қоюға жібереді.

Мобильді қосымшаны енгізудің артықшылығы:

— геолокацияны анықтау (өтініш берушінің нақты географиялық орны);

— жедел шешім қабылдау және қорытынды шығару рәсімін оңайлату;

— зерттеу жүргізу және шешім шығару кезінде формальды тәсілді алып тастау.

ЖАО шешімі бойынша әлеуметтік көмек көрсету

2024 жылы 68 мыңға жуық (67 920) мұқтаж азаматтарға 2,2 миллиард теңгеден астам сомаға әлеуметтік көмек көрсетілді, оның ішінде

1797 отбасына дүлей зілзаладан (су тасқынынан) зардап шеккендерге 663 миллион теңгеден астам (663 669,8 мың теңге)сомаға 100 АЕК немесе 369 200 теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек төленді;

821 отбасына дүлей зілзаладан (су тасқынынан) зардап шеккендерге 122,5 миллион теңге (122482,7 мың теңге) сомасына мүліктің залалын өтеу бойынша төлем жүргізілді;

Ұлы Отан соғысының 5 ардагеріне 9 мамырда Жеңіс Күнін мерекелеуге 3 миллион теңге, барлығы 15 миллион теңге көлемінде төлем жүргізілді;

— Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстаннан шығару күніне 703 адам 129,7 миллион теңге сомасына 50 АЕК (184 600 теңге) мөлшерінде төлем алды.

Отан қорғаушы күніне орай басқа мемлекеттердің аумағында 366 жауынгерлік іс-қимыл ардагері 33 миллион теңгеден астам сомаға (33 874, 5 мың теңге) 25 АЕК (92300 теңге) мөлшерінде төлем алды.

Қарттар күніне ең төменгі және ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен 19 821 зейнеткер 211 миллион теңгеден (211 910,5 мың теңге) астам сомаға 2 АЕК (7 384 теңге) — 5 АЕК (18 460 теңге) мөлшерінде төлем алды.

25 663 барлық топтағы мүгедектігі бар адам, оның ішінде мүгедектігі бар балалар, мүгедектігі бар адамдар күніне орай 2 АЕК (7 384 теңге) — 5 АЕК (18 460 теңге) 291 миллион теңгеден (291 711,5 мың теңге) астам сомаға басқа да көптеген төлемдер алды.

Жаңашылдықтарға қатысты, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап облыс әкімі Марат Мұратұлы Ахметжановтың тапсырмасы бойынша Көкшетау қаласында алғаш рет барлық жастағы зейнеткерлерге қоғамдық көлікте тегін жол жүру құқы ұсынылғанын атап өткім келеді.

Бұл шараны іске асыруға облыстық бюджеттен 376 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді, осыған ұқсас сома қалалық бюджет қаражатынан көзделген.

Сондай-ақ, барлық жасы бойынша зейнеткерлерге 2 жылда 1 рет 30 АЕК мөлшерінде санаторлық-курорттық емдеу ақысы өтеледі. Осы бағытты іске асыруға 2025 жылға арналған облыстық бюджеттен 1 миллиард 126 миллион теңге (1126258,2 мың теңге) сомасында қаражат бөлінді, осыған ұқсас сома 2025 жылға арналған қалалық немесе аудандық бюджет жобасында көзделген. Қазіргі уақытта қолданыстағы НҚА-ға өзгерістер енгізу рәсімдері жүріп жатыр.

Шолпан Рахматуллина,
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік
бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар