Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көңілді тербеткен жылылық - АРҚА АЖАРЫ

Көңілді тербеткен жылылық

Жаңа жыл – балалар үшін ерекше қуанышқа толы мереке. Бұл күні олар армандарының орындалып, ертегідегі ғажайыптардың шынайы болатынына сенеді.

Балалар кітапханасындағы жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын жаңа жылдық іс-шара да осы сиқырлы мерекеге арналды.  Іс-шараға келген балаларды көңілді безендірілген кітапхана, жаңа жылдық шырша және таңғажайып көңіл-күй қарсы алды. Іс-шара барысында қызықты әдеби викториналар мен жұмбақтар шешіліп, би билеп, әндер шырқалды.

Жаңа жылдық мерекені қолдап,  тәтті сыйлықтар әкеліп,  демеушілік танытқан  Бауыржан Кенжебеков пен оның ұлы Таирға және әріптесі Кононов Андрейге алғысымызды білдіреміз. Жанашыр  қолдаушылардың арқасында біздің кітапханадағы балаларға арналған Жаңа жылдық іс-шара ерекше жылылықпен өтті және қуанышқа толы болды. Әр бала тәтті сыйлықтар алған сайын  көздерінен шуақ төгіліп, Аяз ата мен Ақшақарға арнаған өлең жолдары мен әндерін орындап, өнерлерін көрсетті.

Аяз ата болып, жаңа жылдың сәнін келтірген тұрақты оқырманымыз Саят Жанабай балалардың көңілін одан сайын көтеріп, жылы сөздерін жеткізе білді. Балалар кітапханасы өз оқырмандарымен әрқашан мақтана алады. Мұндай шаралар балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, оларды шығармашылыққа баулып, достық рәуіште уақыт өткізуге мүмкіндік береді. Жаңа жылда кітапхананың игі істер көкжиегін кеңейтіп, ой-өрісімізді арттыра береміз деген сенімдеміз.  Бізге демеушілік қолдау көрсетіп, бүлдіршіндерге қуаныш сыйлаған демеушілерімізге және осы шараға ат салысқан ата-аналарға шексіз алғысымыз мол. Жаңа 2025 жыл баршамызға толағай табыс, зор денсаулық және бақ-береке әкелсін деген шынайы жүрекжарды тілегімізді айтқымыз келеді.

Бақытгүл ҒАЛИЕВА,
Көкшетау қалалық балалар кітапханасының меңгерушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар