Елімізде әлеуметтік саланы қолдау және дамыту мәселелеріне ерекше басымдық беріліп келе жатқаны белгілі. Мемлекет тарапынан жұмыс орындарын ашу және азаматтардың еңбекақысын көбейту бағытында айтулы іс-шаралар атқарылуда. Әлеуметтік осал топтарға жататын тұрғындарға тиісті қолдау мен жағдайлар да барынша іске асырылуда.
Ақмола облысында 2024 жылы жұмыспен қамту жағдайы бойынша оң нәтижелер бар. Өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде 32 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылып, белгіленген жоспар 102 пайызға орындалды, оның ішінде 26 915 тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылды. Бұл жұмыс орындары Ұлттық жобалар мен Тұжырымдама шеңберінде,Мемлекет Басшысының «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» бастамасы аясында іске қосылды.
Кәсіптік және қайта даярлауды іске асыруаясында, яғни, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары шеңберінде жаңа мамандықтарды, яғни, кәсіптердімеңгеру, дағдылар мен біліктілікті арттыру мақсатында 456 адам оқудан өтті. Соның ішіндежұмыс берушілердің сұранысы бойынша373тұрғыноқытылса,жұмыс берушілердің жұмыс орнында83 адам қайта даярланды. Оқытудан өткен азаматтараспаз, ауыл шаруашылығы өндірісіне қажетті тракторшы-машинист, шаштараз, тігінші, дәнекерлеуші, электрмонтаждаушы, слесарь, фермер және ауыл, орман, балық шаруашылығы жұмысшылары, кондитер, қазандық қондырғысының операторы секілді мамандықтарды игерді. Сөйтіп, 405 адам оқуын аяқтап, олардың382-сі жұмысқа орналастырылды.
Мемлекеттік гранттар беру мәселесіне келсек, екі ағынмен оқыған оқушылардың қорытындысы бойынша168адамғажалпы сомасы 244,9 миллион теңгені құрайтын өтеусіз мемлекеттік грант берілді.Бұл гранттыалушылар – халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасылардың мүшелері. Олар атаулы әлеуметтік көмек алушылар, яғни көп балалы отбасы санатына жататындар, асыраушысынан айрылғандар, қандастар, мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған ата-аналар.
Алдағы 2025 жылға нақты міндеттер белгіленді. Қазіргі уақытта 2025 жылға арналғанӨңірлік жұмыспен қамту картасы қалыптастырылуда, онда Ұлттық жобалар мен Тұжырымдамалар негізінде жұмысқа орналастыру, жұмыс орындарынсубсидиялау, бос жұмыс орындары ашу, жеке бастамаларға басымдық беру секілді жағдайлар енгізілмекші. Сонымен бірге, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылдан бастап жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру бойынша нақтылы іс-шаралар қолға алынды. Келесі жылы бұл жұмыстар жалғасын тауып, оқушылар еңбек нарығындағы жаңа талаптарды және экономиканың нақты секторларындағы мансап перспективаларын ескере отырып,мамандықтарды өздері таңдауларына мүмкіндік алады. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі оқушылардың сұранысқа ие кәсіптер, білім беру мекемелері және бос орындар туралы ақпараттарға қол жеткізулері оңай болу үшін кәсіптік бағдар беружұмысын ұйымдастыру жөніндегі «Мансап компасы» платформасыненгізбекші.
Атаулы әлеуметтік көмекке қатысты айтсақ, ол тоқсан сайын отбасының кірісіне байланысты тағайындалатын жәрдемақы. Бұл мемлекеттік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген кедейлік шегінен аспайтынотбасыларға төленеді. Нақтылай түссек, 2024 жылғы төртінші тоқсанда бір отбасына төленген әлеуметтік көмек көлемі 37330 теңге болса, бұл ең төменгі күнкөріс деңгейінің (53 328 теңге) 70 пайызын құрайды. Бүгінгі күні облыста 1759 отбасы (8112 адам)осы атаулы әлеуметтік көмекті алуда,оларға жалпы сомасы 855,5миллион теңге төленеді, сонда атаулы әлеуметтік көмектің орташа сомасы бір адамға 9647 теңгеден шығады. Жалпы, жыл басынан бері облыстық және жергілікті бюджеттерден барлығы 2,1 мың отбасына немесе 10299 адамға962,4миллион теңге қаражат бөлінді.Сондай-ақ, аталмыш көмекті алатын отбасыларда 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға ай сайын 1,5 айлық есептік көрсеткіш немесе бір балаға 5538 теңгекөлемінде қосымша төлем қарастырылған, Бұл мақсатта 2441балағабюджеттен 101,4 миллион теңге төленді.
Әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына қатыстытоқталсақ, келесі жылдан бастап өңір зейнеткерлеріне 30 айлық есептік көрсеткіш немесе 117960 теңге көлемінде қаржы төленетін болады. Бұл екі жылда бір реттөленіп, зейнеткерлерге санаторлық-курорттық емделуге баруларына мүмкіндік береді. Сонымен бірге, Көкшетау қаласының зейнеткерлеріжаңа жылдан бастап қоғамдық көлікте тегін жүруде. Бұл облыс әкімі Марат Ахметжановтың тапсырмасымен іске асырылғалы отырған жағымды жаңалық. Қазіргі уақытта бұл бағыттағы қолданыстағы нормативтік- құқықтық актілерге өзгерістер енгізу рәсімдері жүріп жатыр.
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау мәселесіне келсек, облыста 29 мыңнан астаммүгедектігі бар адам тұрады, оның ішінде 3 мыңға жуығы бала.Биыл төртінші жыл қатарынан мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралымен қамту әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылуда. Бұл қызмет мүгедектігі бар адамға қажетті құралменоңалту қызметтерін жеткізушіні дербес таңдауына мүмкіндік береді. Кепілдендірілген құнды өтеу мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Нәтижесіндемүгедектігі бар адамдар оңалту және оңалтудың жеке бағдарламаларымен 95 пайыз қамтылды. Атап айтқанда, протездік-ортопедиялық көмекпен 1467, сурдологиялық көмекпен 341, тифлотехникалық құралдармен 851, кресло-арбалармен 548, санаторлық-курорттық емдеумен 2466, жеке көмекшінің қызметімен 87, ым-ишара тілі маманының қызметімен 251, міндетті гигиеналық құралдармен 7421 адам қамтылды.
Ағымдағы жылы «Инватакси» қызметтерін облыстың 8 өңірінде 24 мыңғажуық адам пайдаланды, оның ішінде 4721-і мүгедек балалар. 2025 жылы Бұланды ауданында инватакси іске қосылмақшы, оған облыстық бюджеттен қосымша қаржы бөлінді.Инватаксиавтопаркін кеңейту мақсатындаағымдағы жылы екі мамандандырылған автокөлік сатып алынып, Көкшетау қаласы мен Ақкөл ауданына берілді.
Әлеуметтік Кодекс шеңберінде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап келесідей жаңалықтар енгізіледі. Біріншіден, мүгедектігі бар адамдардың қажеттілігін ескере отырып оңалтудың техникалық құралдарының тізбесі кеңейтіледі. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен 190 миллион теңге қарастырылды. Екінші бір жаңалық, арнайы әлеуметтік қызметтер бойынша лицензиялауға және жан басына шаққандағы қаржыландыруға көшу арқылы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыртылды. Ол мемлекеттің, жеке сектордың, үкіметтік емес ұйымдардың және азаматтардың өздерінің қатысуы есебінен әлеуметтік қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
Біздің басқарма қарамағында 10 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы бар. Олар стационар жағдайында жұмыс істейді. Олардың бесеуі қарттар мен 1 және 2 топтағы мүгедектерге, төртеуі психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқанадамдарға және біреуі психоневрологиялық патологиясы бар балаларды емдеуге арналған. Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансформациялау үшін ресурстар мен персоналды тиімді бөлу мақсатында аудан, қала деңгейіндегі әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік қызметкерлері толық орталықтандырудан өтті, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің жанынан 17 «үйде күтім жасау жағдайындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды. Міне, осылайша облыс аумағында мемлекеттік әлеуметтік қызметтерді қажет ететін тұрғындарға арналған бағдарламаларды жүзеге асыру барысында нақтылы міндеттер белгіленіп, оларды жүзеге асыру барысында тиісті жұмыстарды қолға алумен келеміз.
Жаңа 2025 жыл жағымды жаңалықтарға толы болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Шолпан РАХМАТУЛЛИНА,
Ақмола облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды
үйлестіру басқармасының басшысы.