Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Электр қуатын беру жақсарады - АРҚА АЖАРЫ

Электр қуатын беру жақсарады

Осы Қоянды ауылында «Қоянды Оңтүстік» қосалқы станциясында жүргізілген жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Электр қуатымен жабдықтау нысанын Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов барып көріп, жаңғырту жұмыстарының нәтижелерімен танысты.

Сапар аясында «АРЭК» АҚ бас директоры Александр Павлов атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Бұл жоба Қоянды, Аққайың, Шұбары, Софиевка, Ақжар және Опан ауылдарындағы 30 мыңнан астам абонентті тұрақты электр қуатымен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.

Жаңғырту аясында 26 вакуумдық ұяшық пен жаңа қуатты трансформаторлар орнатылды. Соның нәтижесінде электр қуатын жеткізуде кедергілер жойылған.

Облыс басшысы өз кезегінде өңірдің тұрақты дамуы үшін энергетика инфрақұрылымы нысандарын жаңғыртудың маңыздылығын атап өтті.

– Қазіргі заманғы энергетикалық жүйелер тұрғындардың жайлы өмір сүруі мен экономиканың дамуының негізгі көзі. «Қоянды Оңтүстік» қосалқы станциясын жаңғырту жұмыстарының аяқталуы  аудан тұрғындарын үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам, – деді Марат Ахметжанов.

Аймақта халық саны мен әлеуметтік нысандардың белсенді өсуіне байланысты ескірген энергия көздерін қайта жаңғыртудың қажеттілігі туындаған.

– Бұл қосалқы станциядан Целиноград және Аршалы аудандарының тұрғындары да қосымша электр қуатымен қамтамасыз етіледі. Орнатылған жаңа жүйелердің арқасында енді жарық жиі сөнетін  абоненттердің саны барынша азаяды, – деді «АРЭК» АҚ бас директоры.

Мұндай инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру өңір үшін басымдық болып қала береді, өйткені, бұл халықтың өмір сүру сапасын жақсартып, аумақтардың одан әрі дамуына жағдай жасайды. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар