Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қоршаған ортаның жағдайы көпті біріктірді - АРҚА АЖАРЫ

Қоршаған ортаның жағдайы көпті біріктірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен өткен сәуір айынан бастап республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастау алған болатын. Іс-шара еліміздегі экологиялық ахуалды жақсартуға, халықтың экологиялық мәдениеті деңгейін арттыруға және азаматтарды қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне тартуға бағытталған.

Акция еліміздің барлық өңірін қамтып, тұрақты экологиялық болашақ негізін қалады. Өткен жылдың наурыз-қараша айлары аралығында ұйымдастырылған акция 5,83 миллионнан астам адамның басын біріктірді, бұл – ел халқының едәуір бөлігін құрайды. Іс-шаралар аясында жаппай сенбіліктер өткізілді, олардың барысында 1,1 миллион тоннадан астам қоқыс жиналып, 1,6 миллионнан астам ағаш отырғызылды. Мемлекеттік құрылымдар деңгейінде де, еріктілер мен жеке ұйымдарды қоса алғанда, жұртшылық арасында да белсенді түрде жұмыс жүргізілді.

Республикалық «Таза Қазақстан» акциясына Ақмола облысынан 500 мыңға жуық адам қатысып, өңірдің 550-ден астам елді мекені қамтылды. Сөйтіп, 80 мың тонна қоқыс шығарылды. Жастардың атсалысуымен өңірде 1 мыңнан астам ағаш көшеттері отырғызылды.

Қазіргі таңда осы бағытта облысымызда 89 волонтерлік ұйым, 3 600-ден астам волонтер белсенді жұмыс жасауда. Волонтерлер өз қызметтерін аталмыш 9 бағыт, атап айтсақ, «Bilim», «Sabaqtastyq», «Asylmura», «Qamqor», «TazaÁlem», «Umit», «Saýlyq», «Күміс волонтерлік» және «Корпоративтік волонтерлік» бойынша жүзеге асырып жатыр. Күміс, авто және зоо волонтерлік сияқты бағыттары да қарқынды дамуда. Өңірімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық жобасы жыл басынан іске асырылды.

Акцияның әрбір аптасы арнайы тақырыптарға арналды. Алғашқы апта «Таза өлке» күні шеңберінде тұрғындар, қоғам белсенділері, ұйымдар, кәсіпорындар өз аумақтарын, аулаларын тазалау жұмыстарын жүргізсе, екінші апта «Киелі мекен» күні тарихи-мәдени ескерткіштерді абаттандыру жұмыстарына арналды. Үшінші апта «Жасыл аймақ» күні. Бұл күні ағаш көшеттерін отырғызу, айналаны әктеу жұмыстары жүргізілді. «Өнегелі ұрпақ»  күні деп аталатын акцияның төртінші аптасында  ардагерлердің ауласын тазалау, қарттар үйлерінде абаттандыру жұмыстарына үлес қосу негізгі мақсаттардың бірі болды. Бесінші апта «Мөлдір бұлақ» күнінде өзен-көлдер маңын қоқыстан тазалау ұйымдастырылды.

– Біз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бастамашылық еткен «Таза Қазақстан» жобасын белсенді қолдаймыз. Бұл жоба табиғатқа ұқыпты қарауға бағытталған. Аталмыш іс-шараларға қатысу біздің қоғамға экологияға деген тазалық пен қамқорлықты сақтауға және насихаттауға, табиғатты қорғауға көмектеседі. Қоршаған ортаға ұқыпты қарау әр адамның өзінен басталуы керек деп ойлаймын, – дейді облыстық «Волонтерлерді қолдау орталығы» фронт-кеңсесінің басшысы Дидар Хамзин.

Жергілікті атқарушы органдар, коммуналдық қызметтер мен ұйымдар өкілдерінің, қоғам қайраткерлерінің, белсенділер мен тұрғындардың бірлескен күш-жігерімен қоғамдық орындарды тұрмыстық қоқыстан арылту акциялары жүргізілуде.

Жалпы, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған сәттен бастап, Ақмола облысы бойынша тарихи-мәдени ескерткіштердің де аумағын абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілді, 200-ге жуық көшет отырғызылды, ағаштарды әктеу, су айдындары-өзендер мен көлдердің айналасын қоқыстан тазарту іске асырылып, 400 балалар алаңы абаттандырылды, тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардың қасбеттері жөнделді.

Облыс бойынша барлығы 500 мыңға жуық адамның қатысуымен 3500-ге жуық бір реттік экологиялық іс-шаралар өткізілді. Табиғатымызға тек аталмыш акция шеңберінде ғана емес, өзге де уақытта ұқыпты қарауға міндеттіміз және де кейінгі ұрпақты сенбілік жұмыстарына тарта отырып, оларға қоршаған ортамызды баса  аманат ету абзал.

 Салтанат БӘКІРОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар