2025 жылы Кеңес халқының екінші дүниежүзілік соғыстағы Ұлы Жеңісіне 80 жыл толады. Осыған байланысты ТМД елдерінде 2025 жыл «Жеңістің 80 жылдығы және нацизмге қарсы күрестегі бірлік жылы» деп жарияланды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жаңа жылдық құттықтауында биыл бұл айтулы дата біздің елімізде де кеңінен атап өтілетініне ерекше тоқталып өтті.
Сұрапыл соғыс 1941 жылдың 22 маусымында басталып, төрт жылға, яғни, 1418 күнге созылды. Қанды қырғында Кеңес Одағының 27 миллионға жуық адамы құрбан болды. Тұтастай еліміз сияқты қазақстандықтар, соның ішінде ақмолалықтар да зұлым жауға қарсы ерлікпен шайқасып, бейбіт өмірімізді сақтап қалды.