Notice: Function register_uninstall_hook was called incorrectly. Only a static class method or function can be used in an uninstall hook. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 3.1.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Заң жетілдіріліп, тіркеу тәртібі жеңілдетілді - АРҚА АЖАРЫ

Заң жетілдіріліп, тіркеу тәртібі жеңілдетілді

Әділет органдарының қызметіндегі басым бағыттардың бірі заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

Соңғы жылдары заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу саласындағы заңнаманы жетілдіру осы жұмыстың тәртібі мен шарттарын жеңілдетуге ықпал етті.

Заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы әділет органдары электрондық нысанда іске асырылатын мемлекеттік қызметтердің 7 түрін көрсетеді.  Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді тек онлайн ғана емес, халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы да пайдалануға болады. Электрондық нысандағы мемлекеттік қызметтер «электрондық үкімет» веб-порталы, сондай-ақ, өзге де ақпараттандыру объектілері – «eGov mobile» мобильдік қосымшасы, «УправДом» қосымшасы және тағы басқалары арқылы ұсынылады. Бұл ретте, іске асырылған электрондық қызметтердің бар болуы бір мәселе, басқа мәселе – олардың қызметтерінің тұтынушылар арасында танымалдығы, яғни, халықтың және бизнес субъектілерінің электрондық қызметтерді алудағы белсенділігі.

Электрондық қызметтерді тұтынушылар санының өсуі, оларды алу кезінде қолда бар елеулі артықшылықтарға байланысты болып келеді. Онлайн режимінде электрондық қызметтерді кеңседен немесе пәтерден шықпай-ақ тәуліктің кез келген ыңғайлы уақытында алуға болады. Оларды кезекте тұрусыз алу жылдамдығы, электрондық өтінішті толтыру кезінде дәлсіздікті жедел және дербес түзету және тағы басқа мәселелер бүгінгі таңда өте өзекті.

Жоғарыда көрсетілген артықшылықтардан басқа, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы заңды тұлғаның басшысын ауыстыру мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, ірі кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу автоматтандырылды. Орналасқан жерін, қызмет түрін өзгерту, жарғылық капиталды ұлғайту және басқа да «электрондық үкімет» порталы арқылы хабарлама жасау тәртібі енгізілді.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін бір жұмыс күні мерзімімен заңды тұлғалардың атауын өзектендіру (түзету) бойынша жаңа мемлекеттік қызмет енгізілді. Сонымен қатар, «электрондық үкімет» порталында заңды тұлға туралы ақпарат алуды көздей және қажетті мәліметтерді таңдап, өзінің ЭЦҚ-сын пайдалану арқылы сұрау салу жолдай отырып, «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорынан анықтамалар беру» қызметі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінен алынып тасталды.

Коммерциялық емес ұйымдарды «электрондық үкімет» веб-порталы, сондай-ақ, саяси партиялар мен діни бірлестіктерді қоспағанда, өзге де ақпараттандыру объектілері арқылы электрондық форматта тіркеу енгізілді. Бұл механизм қағаз құжаттарды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы тапсыруды болдырмауға мүмкіндік береді.

Осылайша, мемлекеттік қызметтерді жетілдіру, заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы тиісті жұмыстар тұрақты негізде жүргізіліп келеді.

Тілеген ӘУБӘКІР,
Ақмола облысы бойынша әділет департаменті коммерциялық емес ұйымдарды
тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы 
бақылау бөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар