Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Уақыт талабы жаңа міндеттер жүктейді   - АРҚА АЖАРЫ

Уақыт талабы жаңа міндеттер жүктейді  

Өткен тарих қойнауына енген 2024 жыл облысымыздың білім саласы үшін айтарлықтай жетістіктерге толы болды. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан бастап, мектептер мен колледждерімізде бірқатар ілкімді жобалар қолға алынып, өз жемісін берді.  

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында да ел болашағы – балалардың ертеңіне, білім саласына ерекше көңіл бөлді. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуден бастап, жайлы орындарда білім алуларын ерекше назарға алды. Еліміздің кадрлық әлеуетін арттыру ісінде орта білім беру жүйесі өте маңызды рөл атқаратындығын атап көрсетті.

Балаларды ерте жастан дамыту – мемлекеттің табысты болашағына қосқан үлес. Облысымызда  37  мыңнан астам бүлдіршінді қамтыған  597  мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс істейді. 2024 жылы 1,5 мыңнан астам жаңа орындар ашу міндеті қойылып, бүгінгі таңда бұл жоспар орындалып, 1964 жаңа орын балапандарға есігін айқара ашты. Оның ішінде Көкшетау қаласында алғаш рет ашылған 166 орындық «Аяла» арнайы балабақшасын атап өту керек. Қазіргі таңда келесі 2025 жылы іске қосылатын 840 орындық 3 балабақша құрылысы жүргізіліп жатыр. Әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 10 мыңнан астам балабақша тәрбиеленушісі тегін тамақтандырылады. Ол үшін облыстық бюджеттен 1,8 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді.

Мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі – бәсекеге қабілетті, білімге құштар оқушы тәрбиелеу. Орта білім беруде 139 мыңнан астам оқушы оқитын 534 мектеп жұмыс істейді, оларда өткен оқу жылымен салыстырғанда оқушылар саны 1,5 мыңға артты. 2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша білім беру сапасы өткен жылға қарағанда 0,9 пайызға ұлғайып, 62,5 пайызды құрады.

–Біздің оқушылардың республикалық, халықаралық олимпиадалар мен конкурстарға қатысуы нәтижесінде 2024 жылы «қоржынға» 124 медаль түсті. 10 мыңнан астам оқушы тасымалдаумен қамтамасыз етілді. Биыл 20 мектеп автобусы сатып алынды және 2025 жылы автобус паркін тағы толықтыру жоспарланып отыр. Жаңа білім беру нысандары кезең кезеңімен енгізілуде. Президенттің тапсырмасымен елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске асырылуда. Осы жоба аясында биыл 12200 орындық 9 білім нысаны іске қосылды. Заманауи техникалық жабдықтармен жабдықталған бұл мектептер оқушы орындарының тапшылығын шешумен қатар, қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты азайтуға бағытталған. Сонымен қатар, облыстық бюджеттен 1200 орындық мектеп  Қосшы қаласында ашылды. Жеке инвестициялар есебінен Көкшетау қаласында 500 оқушыға  арналған мектеп құрлысы басталды, – дейді осы ретте, Ақмола облыстық білім басқармасының басшысы Айнагүл Балташева.

Сонымен бірге, облыстастуденттікжатақханалардағы орын тапшылығы мәселесі шешілуде. 2024 жылы Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжі үшін 300 орындық жатақхана пайдалануға берілді. Жоғары техникалық колледж үшін 300 орындық, сондай-ақ Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі үшін 300 орындық екінші жатақхананың құрылысы аяқталуда. Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі өз қаражаты есебінен 450 орындық жатақхананың құрылысын жүргізіп жатыр. Бұл шаралар алдағы уақытта студенттік жатақханалардағы орын тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Оқыту үшін қолайлы ортаны қалыптастыру бойынша жұмыс әрі жалғасуда. 2024 жылы 113 білім беру нысандарында күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осы мақсаттарға облыстық және республикалық бюджеттен 12 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Облыста кешенді күрделі жөндеу мен жарақтандыруды талап ететін 90 мектепті қамтитын мектептерді жаңарту бойынша үш жылдық жоспар әзірленді.

Мектептерді заманауи кабинеттермен және жабдықтармен қамтамасыз ету үшін 2024 жылы жаңа модификациядағы заманауи 51 кабинет, 450 интерактивті панель және 1 мыңнан астам компьютер сатып алынды. Биылғы жылы облыстың 91 мектебінде «Әлеуметтік әмиян» жобасына сай, оқу материалдарына қол жеткізуді, мектепке кіруді және тамақтануға ақы төлеуді қамтамасыз ететін аппараттық-бағдарламалық кешен  орнатылды. 2025 жылы бұл іс облыстың 26 мектебінде іске асырылмақшы.

Білім беруде инклюзивті және кедергісіз орта құру маңызды екендігі белгілі. Облыста ерекше білім беруді қажет ететін 12 мыңға жуық бала бар. 2024 жылы 28 инклюзияны қолдау кабинеті ашылып, бүгінгі таңда 1500 балаға арналған 84 кабинет жұмыс істейді. 3 арнайы автокөлік сатып алынып, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері көлікпен толығымен қамтамасыз етілді. Биыл алғаш рет психологиялық-педагогикалық қолдаудың үш деңгейлі моделі енгізілді. Құқықтар мен мүдделерді қорғауды тиімді ұйымдастыру мақсатында психологиялық қолдау орталығы ашылды. Облыста техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде 29 колледж жұмыс істейді, оларда 20 мыңға жуық студент білім алуда, олардың  83 пайызы тегін оқиды.

Ел Президенті өткен жылғы Қазақстан халқына Жолдауында білікті жұмысшы кадрларды даярлаудың маңыздылығына тоқталды. Бұл ретте, колледждерді жыл сайын 6 мыңнан астам студент бітіреді. Нақты кәсіпорындардың өтінімдері бойынша кадрларды мақсатты даярлау жұмысқа тиімділікпен орналасуға ықпал етеді. Бүгінде облыста осындай дайындықпен 2 мыңнан астам студент қамтылған. 2025 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша 5700 талапкер қабылдау жоспарлануда, оның ішінде нысаналы даярлық шеңберінде кемінде 600 талапкер сұранысқа ие мамандықтарға қол жеткізеді. Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланған 2025 жылы облыс колледждері техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің реформаларын іске асыру бойынша жұмысты белсенді жалғастыратын болады.

Айнагүл Қыдырбайқызының айтуынша, облыстың білім беру жүйесінде жыл сайын өзінің біліктілік деңгейін арттырып отыратын 23 мыңнан астам педагог жұмыс істейді. Ағымдағы жылы 5 мыңнан астам педагог біліктілік арттыру курстарынан өтті. Сонымен қатар, Көкшетау қаласында Халықаралық сарапшылардың қатысуымен алғаш рет педагогтар саммиті ұйымдастырылды. Оған облыстан 500-ге жуық педагог қатысты.

Уақыт талабына сай, облыс педагогтары цифрлық және жасанды интеллектті   қолдануда, жаңа білім мен дағдыларын жүйелі түрде  дамытуда. Бүгінгі таңда 154 пән мұғалімі Швейцарияның «ФЕЙДИ» академиясының жасанды интеллект бағдарламасы аясында  оқытудан өтті. Сондай-ақ, Целиноград ауданының 30 мектебінде «EsenFoundation» қорының көмегімен білім беру сапасын жақсарту бойынша BAQ (бақуатты аймақ)  пилоттық жобасы іске асырылуда.  Осы жоба аясында 500 мұғалім, 60 директор және мектеп директорларының орынбасарлары біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Қордың қолдауымен ауыл мектептерінде қосымша 4 инклюзия кабинеті ашылды.

Білікті педагог кадрлардың тапшылығы проблемасын шешу мақсатында жоғары педагогикалық білім алу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім берудің 100  гранты бөлініп, облыс әкімінің арнай шәкірт ақысы қарастырылған.Облысымыздың білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысы Оқу-ағарту министрлігінің «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылуда.

Бағдарлама аясында облыстың барлық мектебінде ата-аналарды Педагогикалық қолдау орталықтары құрылды. Отбасылық клубтарын ұйымдастыру арқылы қазақ этнопедагогикасының тәрбиелік әлеуетін өзектендіру көзделіп отыр. Бағдарлама аясында мемлекеттік құзырлы органдардың бірлескен жұмыстары негізінде, облыстық прокуратура мен білім басқармасы бірлесіп, алғаш рет «Жас ұрпақ» балалар бірлестігін ашты. Бірлестіктің мақсаты – мектептердегі құқық бұзушылықтарды, буллингті азайтуға, балаларды қосымша сабақтарға белсенді қатыстыруға, оқушыларды патриотизм рухында тәрбиелеуге, олардың бойында жауапкершілік пен тәртіпті қалыптастыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, спорттық және әлеуметтік бастамаларға тартуға бағытталған. Жалпы, облыста 21408 баланы қамтитын 47 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді. 2024 жылы қосымша білім беруге арналған бюджет 5,6 миллиард теңгені құрады, оның ішінде мемлекеттік тапсырысқа 1,2 миллиард теңге бөлінді. Мектептерде 6012 шығармашылық үйірмелер мен спорт секциялары жұмыс істеуде.

1 қыркүйектен бастап, 38 мектепте бірінші сыныптарда  «Шахмат негіздері» курсы өткізілуде. Көкшетау қаласындағы Шахмат үйінің ашылуы Қазақстанда шахмат қозғалысын дамытуға зор мүмкіндік береді, әрі біздің жас шахматшылардың жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін қызығушылықтарын арттыра түседі.

–Біздің оқушылар ғылыми-техникалық шығармашылыққа белсенді қызығушылық танытуда. Ақмолалық оқушылар, атап айтқанда, Бурабай ауданы Абылай хан ауылы орта мектебі шәкірттерінің «робототехника» бойынша Түркиядағы Халықаралық кезеңде ел намысын қорғап, жыл соңында Римдегі әлем чемпионатында жеңімпаз атанғанын мақтан тұтамыз. Республикалық және халықаралық кәсіби конкурстарда жоғары нәтиже көрсетіп жүрген ұстаздарымыз да аз емес. Мемлекет басшысының қолынан көкшетаулық ардагер ұстаз Әлияш Ахетова «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын  алды. Өңіріміздің 3 мұғалімі республикада «Үздік педагог» атанды. Қазан айында педагог-психологымыз Ереван қаласында өткен үшінші Халықаралық педагогикалық шеберлік фестивалінде жүлдегер атанды, Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінің командасы «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жиынында жеңіске жетті. Жоғары техникалық колледжде электромобильдер мен гибридті автомобильдерді диагностикалау және оларға қызмет көрсету бойынша еліміздегі алғашқы тренинг-орталықтың ашылуы жобасы іске асырылды. Сондай-ақ, «WorldSkills Kazakhstan 2024» жұмысшы кәсіптерінің ІХ чемпионатында колледж студенттерінің Ақмола командасы 7 жүлделі,11 медальон жеңіп алды, – дейді басқарма басшысы сөз соңында.

Иә, бұл салиқалы әңгімеден ұққанымыз, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың білім саласының алдына қойған тапсырмаларын орындауда, Оқу-ағарту министрлігінің, облыс әкімдігінің межелеген жоспарларына жетуде Ақмола облысының білім беру жүйесі 2025 жылы  қарқынды жұмыс жүргізетіні байқалады.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретте: Көкшетау қаласында салынған жаңа жайлы мектеп-гимназия.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар