Бір жылда 6 мыңнан астам отбасы  баспаналы болды

Әлеуметтік қорғау

Халық үшін қашан болсын, басты мәселелердің бірі – тұрғын үйдің қолжетімділігі. Елдің әлеуметтік әл-ауқаты осы тұрғын үй мәселесімен тығыз байланысты.

​Өткен жылы Ақмола облысында тұрғын үй мәселелерін шешіп, жайлылық пен өмір сапасын арттыруда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Атап айтқанда, 6 мыңнан астам отбасының баспана мәселесі шешілді.

​Бюджет қаражаты есебінен 28 көп пәтерлі тұрғын үй, 1,5 мыңнан астам пәтер салынды. Оның ішінде 4 тұрғын үй пәтер алуға жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған, 20 үй кредиттік тұрғын үй ретінде, ал, тағы 4 көп пәтерлі тұрғын үй 2024 жылдың көктемінде су тасқынынан зардап шеккен отбасылар үшін салынды.

​Мемлекет халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету ісінде тұтынушылық нарықта жеке құрылыс салушылардан облыс халқының әлеуметтік осал топтарына тұрғын үй сатып алу жолымен жаңа коммерциялық тұрғын үй объектілерін салудың тұрақтылығын қолдау үшін қосымша тәсілдерді енгізді. Сөйтіп, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін облыстың 10 өңірінде 850 пәтер сатып алынды. Пәтерді сатып алудың негізгі драйверлері облыс орталығы мен Қосшы қаласы болды, олар тиісінше 318 пәтер мен 180 пәтер сатып алды, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына 92 пәтер сатып алған Бурабай ауданын да атап өтуге болады.

​Жыл қорытындысы бойынша облыс халқының түрлі әлеуметтік топтарынан 2,5 мыңға жуық отбасы жаңа тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Бұл бағыттағы жұмыс әрі қарай да жалғасатын болады.

​2025 жылы өңірде 24 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарлануда, бұл тағы 932 отбасының өмір сүру деңгейін жақсартуды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 251 пәтер сатып алу жоспарланған.

​Бюджет қаражатын қосымша бөлу арқылы тағы 1000 пәтер сатып алуға болады, бұл бағдарламаның ауқымын едәуір кеңейтеді. Тұрғын үй құрылысы азаматтардың тұрғын үй мәселелерін шешіп, әлеуметтік жағдайларын едәуір жақсартуға ықпал етеді.

​​Қабылданған шаралар көптеген ақмолалықтар үшін өмір сүру сапасын тұрақты етуге көмектеседі. Әрбір жаңа үй – бұл бүкіл аймақ үшін жарқын болашаққа жасалған қадам.

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.

6 Total Views , 1 Views Today

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар