Халық және нарық
Өткен жылдың желтоқсанынан бастап Ақмола облысында өңірлік тұрақтандыру қорының көкөніс өнімдерін бұғаттан шығару жұмыстары басталды.
Бұл шара қыс-көктем мезгілінде картоп және басқа да әлеуметтік маңызы бар көкөністердің бағасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Көкөніс өнімдерінің қорларын бұғаттан шығару жұмыстары аясында 2024 жылдың желтоқсанынан 2025 жылдың 18 қаңтарына дейін «KOKSHE» ӘКК» АҚ өзіне қарасты сауда орындары және серіктестерінің сауда нүктелері арқылы 708 тонна картоп, 7 тонна сәбіз және 7,2 тонна қырыққабат сатты.
«Агротрейд Кокше» компаниясының картобы «Скиф Трейд» ЖШС («Small») сауда желісінде келісі 125 теңге көлемінде бекітілген төмендетілген бағамен сатылуда. Бұл тек осы сауда желісінде бағаның 55 пайызға төмендеуіне мүмкіндік береді. Ал, бұрынғы баға келісіне 276 теңге болған еді.
Сонымен қатар, «Kokshe Market» әлеуметтік павильондарында картоптың бір келісі 105 теңгеден сатылуда. Бұл картопты «Зеренді сақтау өнімдері» серіктестігі өндіреді және ол қаланың 11 сауда нүктесінде сатылуда.
Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.
6 Total Views , 1 Views Today