Ұлт саулығы
Адам жанының арашашысы ақ халатты жандар десек қателеспейміз. Бұл орайда, сонау 1989 жылдан бері бас ауырып, балтыры сыздаған жандардың дертіне ем-дом жасап келе жатқан Көкшетау қалалық емханасының жауапкершілік жүгі мен міндеті аса зор. Отыз бес жылдан астам уақыттан бері қала тұрғындары денсаулығының күзетінде тұрған орталық емханада бүгінде 88 мың адамнан астам халық алғашқы медициналық көмек алады. Оның ішінде 24 мыңнан астам баланың денсаулығы осы емханада қадағаланады.
Көкшетау қалалық емханасы алғашқы медициналық-санитарлық, диагностикалық кеңес, күндізгі стационар, клиникалық топтағы онкологиялық науқастарға паллиативтік көмек, медициналық оңалту, сондай-ақ, жедел жәрдемнің күрделі шақыртуларының төртінші санатымен медициналық қызмет көрсетеді.
Тұрғындардың денсаулығына қалтқысыз әрі қолжетімді көмек беру үшін қаланың әр тұсындағы алты бірдей ғимаратта медициналық қызмет көрсетіледі. Бүгінде емхана құрылымында 17 емдік-диагностикалық бөлімдер мен кабинеттер, сондай-ақ, 121 кереуеттік күндізгі стационар жұмыс істейді.
Бір қарағанда аса қиын емес болып көрінгенімен, емхананың медициналық қызметкерлерімен емдік-профилактикалық бағыттағы аса зор жұмыс жүргізіледі. Емханаға келген адамдардың көптігі оның қажеттілігі мен қолжетімділіктің ұлғайғанын көрсетіп отыр. Мәселен, тек өткен жылы ғана емханаға келіп қаралған адамдардың саны 582 мың адамға жетіп жығылған. Яғни, бұл ай сайын шамамен 48,5 мың адамға дейін дертіне шипа алғанын айғақтайды. Олардың ішінде 71 пайыздан астамы емхананың учаскелік қызметіне жүгінген. Мұнымен қоса, емхана мамандарымен жыл сайын 160 мыңнан астам адамға консультациялық кеңес беріледі.
Бүгінде емханада емделушілердің ауру-сырқауларын емдеуге және диагностика өткізуге барлық жағдай бар. Мәселен, өткен жыл клиникалық хаттамалар мен көрсетімдер қорытындысы бойынша 28 мыңнан астам функционалдық, 2,1 мың эндоскопиялық, 15 мыңға жуық рентген зерттеулері, 4 мың маммографиялық және 39 мыңнан астам флюорографиялық тексерістер жүргізілгені анықталды. Емхананың клиникалық-диагностикалық зертханасы жыл сайын 700 мыңнан астам түрлі зертханалық зерттеулер жүргізеді. Мұнымен қоса, дәрігерлер ультрадыбысты диагностикалық зерттеудің 24 түрі бойынша 16,5 мыңнан астам тексеріс жүргізгенін атап өткен жөн.
Емхананың инновациялық әдістемесі санаулы сағаттар ішінде ғана емдеудің стандартты түрлерімен емдеп, олардың сезімталдығы мен туберкулез микробактерияларын анықтау мүмкіндігі бар GeneXpert аппаратында туберкулез диагностикасы экспресі зерттеледі. Жыл өткен сайын емхананың материалдық-техникалық жабдықталуы да жақсарып келе жатыр.
Соңғы екі жыл ішінде емхананың өзінде науқастарға SUPRIA компьютерлік томографында тексеріс өткізу мүмкіндігі туды. 10 эксперттік класты жоғары рұқсат қабілеті бар Voluson үздік ультрадыбысты аппаратында жүкті әйелдерге толыққанды тексеріс жүргізу мүмкіндігі бар. Өткен жылы облыстық бюджет қаражаты есебінен 20 түрлі медициналық жабдықтар, оның ішінде зертханалық талдағыштар, жүрек ауруларына диагностика жүргізуге арналған аппараттар, балалардың құлақ ауруларын емдейтін құрылғылар сатып алынды.
Мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілгеннен кейін емделушілер облыстық әрі республикалық клиникаларда аса қымбат тұратын медициналық қызмет түрлерін тегін алуға мүмкіндік алды. Атап айтқанда, компьютерлік томография, ядролық магнитті-резонанстық томография, позитронды-эмиссиялық томография, полимеразды реакция негізіндегі талдаулар сияқты медициналық қызметтер ақысыз жүргізілетін болды. Мәселен өткен жылдың өзінде ғана төрт мыңнан астам компьютерлік томография өткізіліп, 2 мыңнан астам адамға ядролық магнитті-резонанстық томография жүргізілді.
Мұнымен қоса, біздің емделушілерге позитронды-эмиссиялық томография республикалық диагностикалық орталық пен Президент істері басқармасы ауруханасында қолжетімді екенін атап өткен жөн. Тек өткен жылы ғана 305 адамға осындай тексеріс жүргізілді.
Қымбат зерттеулермен қатар, емхана арқылы12 денсаулық мектептері мен қарт адамдарға арналған «Алтын жас» клубында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Жыл сайын денсаулық мектептерінде 9 мыңнан астам мақсатты топтар оқытылады. Оның ішінде скринингтік тексеріс кезінде анықталған қауіп факторлары бар емделушілер, диспансерлік науқастар да бар.
Профилактикалық шараларға сонымен қатар, аурулардың жеті түрі бойынша ерте анықталған халықтың мақсатты топтарын профилактикалық және скринингтік тексерулер, ерлер және әйелдер байқау кабинеттерінде қарау, флюорографиялық тексеріспен қамту, туберкулезді ертерек анықтауға арналған балалар туберкулезі диагностикасы және басқа да түрлері жатқызылады.
Бұл аса күрделі шаралар болмағанымен, олардың арқасында науқастардың дертін дер кезінде анықтап, уақытында емдеуге қол жеткізіліп отыр.
Қан айналымы жүйелері, қант диабеті, сондай-ақ, глаукома ауруларын анықтауға арналған скринингтер бойынша тек өткен жылдың өзінде 5,5 мыңнан 6 мыңға дейін адам тексеріліп шықты. Сонымен қатар сүт безінің қатерлі ісігін анықтау скринингімен 4,5 мыңнан астам әйел тексерілсе, жатыр мойны қатерлі індетін анықтауға 3,5 мыңнан астам, тоқ ішек ісігін анықтауға 4 мыңнан астам емделушіге тексеріс өткізілді.
Осы жұмыстардың арқасында күретамыр қысымының көтерілуі және жүректің ишемиялық аурулары бойынша 442 адам, қант диабетімен 110 адам, сүт безінің қатерлі ісігімен 20 адам, қатерлі ісіктің алдында тұрған 369 адам, жатыр мойны ісігі бар 5 адам және аурудың осы түріне шалдыға жаздаған 211 адам, басқа да аса қатерлі індетке шалдыққандар анықталды. В және С вирусты гепатитке скринингтер бойынша 3,5 мыңнан астам адам тексерілді. Бұл статистикалық сандардың артында қаншама адамның тағдыры тұрғандықтан, мұны аса үлкен қажырлы жұмыстың нәтижесі деуге толық негіз бар.
Әйел адамдардың төрт байқау кабинеттерінде 10 мыңнан астам адам қаралып, оның ішінде 784 адамнан қатерлі ісікке жақын қалғаны, ал, 15 әйелден қатерлі ісік дертіне шалдыққаны анықталды. Өкінішке орай, ер адамдарды қарау кабинеттерінен тек 8 мыңға жуық қана адам қаралып, оның ішінде 803 адамнан індет пен 518 адамның қатерлі ісік алдында тұрғаны анықталды. Яғни, бұл деректерден әйелдердің көбірек қаралғанын әрі нәзік жандылардың профилактикалық алдын ала тексерілуге бейім екенін байқаймыз. Сондықтан да, ер адамдарды да өз денсаулығына мейлінше мұқият қарауға шақырамын.
Егер емдеу қызметіне келсек, онда науқастардың жекелеген санаттарын тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және динамикалық бақылау мәселесі бірінші кезекте болып отыр. Жыл сайын он бес мыңға жуық диспансерлік науқастар бақыланып, оның ішінде он үш мыңы тегін дәрі-дәрмекпен қамтуға жатады. Тек өткен жылы ғана емхананың медициналық қызметкерлерімен 1,5 миллиард теңгеге 180 055 дәрі-дәрмек рецептері мен дәрілер берілді.
Күндізгі стационар мен үйдегі стационар кереуеттерінде жыл сайын 2,5 мыңнан астам адам, оның ішінде 500-ден астам балалар мен жасөспірімдер ем қабылдайды. Емделіп жатқандар қатарында жүйке және тірек-қимыл жүйесі, қан айналымы аурулары, несеп-жыныстық жүйелері аурулары көбірек болып шықты. Емхана жанындағы жедел медициналық көмек бөлімі бригадаларымен де тек бір жыл ішінде 17 мыңнан астам шақыртулар түсіп, оның ішінде төрт мыңнан астам балалар қаралған.
«Ауруханаға жатқызу бюросы» порталы арқылы жыл сайын бес мыңға жуық емделуші стационарлық ем, оның ішінде өңірлік және республикалық клиникаларда ем қабылдайды. Әлеуметтік-медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде неврология, кардиология, ортопедия коронавирус инфекциясы бейіміндегі науқастарды оңалтудың үшінші кезеңі емхананың күндізгі стационарында, сондай-ақ, қалпына келтіру және оңалту бөлімдерінде физио емдеу, массаж және ЛФК арқылы жүргізіледі.
Медициналық көмек көрсетуді жақсарту мақсатында емханада бірқатар жаңа басқару шешімдері қабылданып жатыр. Атап айтқанда, 2018 жылдан бастап симулациялық орталық ашылып, онда мүсін модельдерін қолдана отырып, жалпы күтім, процедуралар мен манипуляциялар, ота жасау рәсімдері стандарттарын орындауды жетілдіру, алгоритмдер, «рөлдік ойындар» өткізу, жұмыстың негізгі бағыттары бойынша семинарлар, басқа да дағдылар жөнінде сабақтар жүргізіледі.
Осылайша, орталықта оқытып және арнайы мүсіндер, фантомдар мен тренажерлер сияқты заманауи технологияларды қолдана отырып, тәжірибе жүзіндегі дағдыларды жетілдіруге бағытталған медициналық кадрларды оқытуға практикалық бағдарланған тәсілдерге ие болдық.
2018 жылдан бастап әрбір емделушіні қарау кезінде қабылдауды жүргізген емхананың кез-келген дәрігері емхананың өзінде жасақталған тізімге, кеңейтілген құрылымға ие болып отыр. Үздік тәжірибе орталықтарын дамыту шеңберінде әйелдер денсаулығы, қарияларға күтім, ментальды денсаулық басқа да жаңа жобалар енгізілді. Емделушілермен кері байланысты дамыту мақсатында емханада емделушілердің шағымы пайда болғаннан-ақ оны шешу бойынша белсенді жұмыс жүргізетін ішкі бақылау және емделушілерді қолдау қызметі жұмыс істейді.
Өткен жылы Әуелбеков көшесі, №94 ғимаратының бірінші қабатындағы тіркеу орны жанында қоғамдық қабылдау ашылып, онда әрбір емделуші «Қазір және осында!» режимінде күрделі мәселелермен жүгініп, сауалдарын сол жерде шеше алатын болды.
Сонымен қатар, медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша азаматтардан өтініштер қабылдау тікелей қызметке, сенім телефоны мен қалалық емхана сайтына, «iКомек 109» қызметіне, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, әлеуметтік желілер мен басшының атына жазбаша өтініш жазу арқылы жүргізіледі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған соңғы Жолдауында осы медицина қызметінде алға қойылған міндеттерді басшылыққа ала отырып, біздің қалалық емхана ұжымы өз жұмысын одан әрі жетілдіріп, халық көңілінен шығу жолында аянбай тер төге беретіндігіне осы бағытта әлі де атқарар өрелі істеріміз негіз бола түседі деген ойдамыз.
Ғалия САБАТАЕВА,
Көкшетау қалалық емханасының бас дәрігері.