Қазақ тарихының жаршысы

Ілияс Есенберлин – 110

Қазақтың аса көрнекті жазушысы Ілияс Есенберлин 1915 жылы 10 қаңтарда Ақмола облысының Атбасар қаласында дүниеге келген. Оның балалық шағы мен жастық шағы 1920-1930 жылдардағы қазақ халқы әлеуметтік сілкіністерді, кедейлікті, аштықты бастан өткерген атышулы оқиғалармен тұспа-тұс келді. Жазушы өз халқының тарихын зерттеуге көп көңіл бөлді.

Ал, 1965 жылы үш айдың ішінде Есенберлин өзінің әйгілі «Қаһар» атты алғашқы кітабын және көп ұзамай бүкіл трилогияны жазып, оған «Көшпенділер» деген жаңа атау берді.

«Көшпенділер» трилогиясынан кейін «Алтын орда», «Қауіпті өткел» тарихи туындылары, қазіргі заман тақырыбындағы «Алтын құс», «Айқас» романдары жарық көрді. Жазушы «Көшпенділер» триологиясында Қазақ хандығы мен хандары, билері мен шешендері, батырлары мен жыраулары туралы сырлы дүниелерді ақтарды, қазақ мемлекетіне қатысты құнды фактілерді паш етті.

1975 жылдан бастап ол 16 жыл ішінде 15 роман шығарған. Оның еңбектері әлемнің 30 тіліне аударылып, шамамен 9 миллион таралыммен шартарапқа тарады. Ілияс Есенберлиннің қолынан шыққан романдардың барлығы да оқырманның оң бағасына ие болған.

Көкшетау қалалық Бірлік үлгілі кітапханасында жазушы Ілияс Есенберлиннің 110 жылдығына арналған «Қазақ тарихының жаршысы» атты  әдеби досье өткізілді. Іс-шараға №22 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әсел Шавкатқызы Жұмабаева және 6 «Ә» сынып оқушылары қатысты. Іс-шараның басты мақсаты оқырмандарға жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелеу, осыған қызығушылықты қалыптастыру және жазушы шығармаларының оқылуына ықпал ету.

Шара барысында Ілияс Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығының негізгі кезеңдерін қамтыған бейнефильм көрсетілді. Іс-шараға қатысушылар жазушының шығармаларынан үзінділерін оқыды, қиын өмір жолы, ауыртпалықтары мен жеңістері, сондай-ақ, жазушылық іске деген керемет адалдығы туралы естіп білді.

Дана КӘРІМЖАН,
Көкшетау қалалық Бірлік үлгілі кітапханасының кітапханашысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар