Әр қырынан көңілге түйгіземіз

Жемқорлық – елдің соры

Сыбайлас жемқорлық қазіргі қоғам алдында тұрған ең өзекті мәселелердің бірі болып қала береді. Оның көріністері мемлекеттік және қоғамдық институттарға зиян келтіріп қана қоймай, мемлекет пен қоғамның дамуына кедергі келтіре отырып, әділеттік негіздеріне нұқсан келтіреді.

Ақмола облысының Әділет департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.

Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу тек бақылау мен жазалауды ғана емес, сонымен қатар, алдын алуды да қамтитын жүйелі тәсілді талап етеді. Осыған байланысты қызметкерлер үшін тұрақты негізде оқыту семинарлары мен тренингтер өткізіледі, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әдістері талқыланады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтар бекітіледі.

Біз сондай-ақ, қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдары туралы хабардарлығын арттыру үшін тәжірибелік қадамдар жасалуда. Сонымен, түсінікті болу үшін тергеу изоляторына экскурсия ұйымдастырылып, заң мен қызметтік борыштың бұзылуына не себеп болуы мүмкін екенін көрсеттік. Мұндай көзбен көрудің әсері басқа. Бұл тәжірибе көптеген адамдар үшін жұмыста заңдылық пен адалдық принциптерін қатаң сақтау қажеттілігі туралы маңызды ескерту болды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тек  мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар, әрбір азаматтың атсалысуын қажет ететінін түсіне отырып, департамент қызметкерлері арасында құқықтық мәдениетті күшейтіп, жауапкершілік сезімін дамыта отырып, осы бағыттағы жұмысты белсенді түрде жалғастырудамыз.

Бұл саладағы маңызды бағыт  мемлекеттік қызметке  алғаш қабылданған жас қызметкерлермен жұмыс істеу болып табылады. Жұмысқа қабылдау кезінде жас қызметкерлерге тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсететін тәлімгерлер  бекітіледі. Сондай-ақ, департаментке алғаш рет жұмысқа қабылданған адамдар лауазымға кіріспе  бағдарламасынан өтеді.

Тек бірлескен күш-жігермен ғана бұл әлеуметтік  зұлымдықты жеңіп, әділеттілік пен заңдарға  негізделген қоғам құруға болады.

Динара ИБРАЕВА,
Ақмола облыстық әділет департаментінің бөлім басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар