Ақмола облысы Қазақстанның ірі агроөнеркәсіптік өңірлерінің бірі болып табылады және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып келеді.
2024 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі 920 миллиард теңгеге немесе 45,3 пайызға дейін ұлғайды. Өткен жылы облыс соңғы онжылдықтарда 6,6 миллион тонна көлемінде, өнімділігі гектарына 14 центнер, рекордтық астық жинай отырып, еліміздің басты бір астықты өңір мәртебесін растады. Бұл республикадағы астық көлемінің төрттен бір бөлігі. Минералды тыңайтқыштарды қолдану көлемін 258,7 мың тоннаға немесе екі есе ұлғайту есебінен және элиталық тұқымдармен себілетін егіс үлесін 2023 жылғы 7,3 пайыздан, 2024 жылы 13,4 пайызға жеткізу есебінен жақсы нәтижелерге қол жеткізілді.
Сонымен қатар, біз жыл сайын Қытай, Иран, Еуропа елдері, Италия, Бельгия, Швеция, Латвия, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан және тағы басқа сияқты алыс және жақын шетелдерге шамамен 2,5 миллион тонна жоғары сапалы астық экспорттаймыз.
Облыс фермерлеріне далалық жұмыстарды жүргізу үшін жеңілдікпен несиелеу бағдарламалары айтарлықтай қолдау көрсетті. Өткен жылы «Кең дала» және «Кең дала-2» бағдарламалары шеңберінде 60 миллиард теңге сомасына 600-ден астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қаржыландырумен қамтылды.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ағымдағы агромаусымның егіс науқанына толыққанды дайындық үшін «Кең Дала-2» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несиелер өткен жылдың желтоқсан айынан бастап қолжетімді болды.
Кредит беру шарттары өзгеріссіз қалды: кредит бойынша жылдық мөлшерлеме – 5 пайыз, қарыздарға кепілдік беру – «Даму» қоры арқылы 85 пайыз дейін. Несие беруге өтінімдер банктер мен кредиттік серіктестіктер арқылы ғана емес, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) арқылы қабылданады, сондай-ақ, тікелей Аграрлық несие корпорациясына беріледі.
Бүгінгі таңда өтінімдердің жалпы пулы 64 миллиард теңгеге қалыптастырылды, 13,2 миллиард теңгеге 120-дан астам ауыл шаруашылығы құрылымдары несиелендірілді.
Аграрлық несие корпорациясы желісі бойынша өтінімдердің жалпы пулы 193 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден 32 миллиард теңгеге қалыптастырылды, оның ішінде 107 ауыл шаруашылығы құрылымына 8,5 миллиард теңге төленді.
«Көкше» ӘКК арқылы пулға 102 ауыл шаруашылығы құрылымынан 32 миллиард теңге сомасында өтінімдер кіреді, 4,7 миллиард теңгеге 14 АШТӨ-ге несие берілді.
Жалпы, бұл қолдау шаралары фермерлерге агромаусымға сапалы дайындалуға мүмкіндік береді. Нақтырақ айтсақ, жалақы төлеу үшін айналым қаражатын толықтыру, сапалы тұқымдар, минералды тыңайтқыштар, өсімдіктерді қорғау құралдары, жанар-жағар май, қосалқы бөлшектер және басқа да қажетті тауарлар мен қызметтерді алдын ала сатып алуға болады.
Мал шаруашылығы саласында Ақмола облысының жалпы республикалық көлемдегі үлесі – 28 пайыз, бұл жылына шамамен 125 мыңтонна болса, тауық жұмыртқасы 16 пайыздықүлеспен, орташа жылдық көлемі 690 миллион дана болып отыр. Ал, құс етін өндіру бойынша облыстың жетекші позициясы сақталды.
Өткен жылы облыста инвестициялық жобаларды жеңілдетілген несиелеу шеңберінде 15 миллиард теңгеге 7 тауарлы-сүт фермасы, 5,4 мың басқа 5ірі осындай ферма іске асырылды. Сонымен қатар, Целиноград ауданында «Родина» Агрофирмасы» серіктестігі 1,1 мың басқажәне «Ен Дала» ЖШС 2 мың басқа, Аршалы ауданында «Temir Agro» ЖШС 600 басқа, Ақкөл ауданында «Еңбек» ЖШС 900 басқа, Жарқайың ауданында «Темірлан» ЖШС 800 басқа осы жобаларды жүзеге асырды.
Ағымдағы жылы 1,2 мыңбасқа арналған тағы 2 тауарлы-сүт фермасыныңқұрылысы аяқталады. Нақтырақ айтсақ, Атбасар ауданындағы «Бастау» серіктестігі 786 басқа, Зеренді ауданындағы «Agro Milk Project» ЖШС 400 басқа арналған фермалар салуда. Барлық фермаларды іске қосу нәтижесінде өңірде тауарлы-сүт өндірісі 40 мың тоннаға немесе 1,5 есеге ұлғайтылатын болады.
Өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласы да қарқынды дамып келеді. Ақмола облысының өңдеу саласында 2024 жылдың қорытындысы бойынша 3,7 пайыз өсіммен 252 миллиард теңгенің сомасына азық-түлік өндірген 67 кәсіпорын бар. Олар 16 ет өңдеу, 15 сүт өңдеу, 8 майлы дақылдарды өңдеу, 28 ұн тарту кәсіпорындары. Сонымен қатар, өндіріс саласы айтарлықтай өсті. Нәтижесінде, өңделген сүт – 19 пайызға, яғни, 120 мың тоннаға дейін, өсімдік майы – 23,7 пайызға немесе 73 мың тоннаға дейін, ұн – 4,5 пайызға немесе 231 мың тоннаға дейін өсті.
Агроөнеркәсіптік секторды дамытуда облыстың басты артықшылықтарының бірі – облыстың бірқатар аудандарының тез өсіп келе жатқан Астана қаласының айналасында орналасуы. Мәселен, Елорда тұрғындарының қажеттіліктерін қамтамасыз ету сүтөнімдері бойынша 30 пайызды, күн сайын бұл 130тонна, ал, ет өнімдері бойынша тағы да 30 пайызды немесе күніне 80 тоннаны құрайды. Сондай-ақ, күніне 700 мың дана немесе 80 пайыз тағамдық жұмыртқа шығарылады. Шамамен 2 миллион адам тұратын Астана агломерациясының серпінді өсуі жергілікті өнімді өткізудің кепілді нарығына мүмкіндік береді.
Осыған байланысты Елорданың айналасында азық-түлік белдеуін құру өңірді дамытудың стратегиялық басымдықтарының бірі болып табылады. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға жыл сайын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мемлекет көрсететін жан-жақты қолдау игі ықпал етеді. Өткен жылы облыс үшін аграрлық-өнеркәсіптік кешенін дамытуға шамамен 140 миллиардтеңге көзделген болатын, оның 46,4 миллиард теңгесі қайтарылмайтын субсидияларболып табылады. Осы орайда, өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялауға – 15,5 миллиард теңге, мал шаруашылығы саласын субсидиялауға – 5,4 миллиард теңге, инвестициялық және пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға – 24,6 миллиард теңге, терең өңдеуді субсидиялауға – 0,9 миллиард теңге бағытталды.
Сонымен қатар, 93,5 миллиард теңге –жеңілдетілген кредиттеуге және форвардтық сатып алуға(37,5 миллиардтеңге – «Кен Дала», 22,6 миллиард теңге – «Кен Дала-2», 12,8 миллиард теңге форвардтық сатып алу және тауарлық кредиттер, 1,8 миллиард теңге – «Ауыл Аманаты», 18,8 миллиард теңге ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікті лизингі бағытталды.
Қазіргі уақытта өңірде 2025 жылғы егіс науқанын өткізуге дайындық іс-шаралары белсенді жүргізілуде. Қамбалардағы дәнді дақылдардың тұқымдары толық көлемде толтырылды. Бұл – 540,2 мың тонна. Сондай-ақ, 800 мың гектар алаңда (2023 жылы – 816,2 мың гектар) пар өңдеу жұмыстары жүргізілсе, 1 миллион гектарға (2023 жылы – 919 мың гектар), 304 мың гектарға (жоспар – 720 мың гектар) қар тоқтатылды. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы техникасының 80 пайызы алдағы аграрлық маусымға дайын.
Жалпы, облыста агроөнеркәсіптік кешенде қол жеткен қарқынды сақтау және арттыру бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда.
Мұрат БАЛПАН,
Ақмола облысы әкімінің орынбасары