Кездесу барысында Марат Ахметжанов Көкшетау және Ақмола епархиясын басқарған архиепископ Серапионның қайғылы қазасына байланысты митрополит Александрға көңіл айтты.
«Серапион Владыка біздің өңірімізде конфессияаралық келісімді нығайту ісіне үлкен үлес қосты. Ол епархияда 10 жылдан астам қызмет етіп, тек прихожандар мен дін қызметкерлерінің ғана емес, сонымен қатар облыс тұрғындары мен басқа конфессия басшыларының да құрметі мен сеніміне ие болды», – деп атап өтті облыс әкімі.
Өз кезегінде, Қазақстан Республикасындағы Православ Шіркеуінің басшысы облыс әкіміне қиын сәтте білдірген қолдауы мен жанашырлығы үшін алғыс айтты. Митрополит Александр архиепископ Серапионның адамдарға қызмет етуге және қоғамның рухани негіздерін нығайтуға өз өмірін арнаған көрнекті рухани тәлімгер болғанын атап өтті.
Сонымен қатар, кездесу барысында тараптар конфессияаралық келісім, жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесі және өңір игілігіне бағытталған бірлескен әлеуметтік бастамалар мәселелерін талқылады.
5 Total Views , 1 Views Today