Жұмысшы – мәртебелі мамандық

Кәсіптік білім

Мемлекет басшысы 2025 жылды техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі Жұмысшы мамандықтары мен реформалар жылы деп жариялады. Мұндағы мақсат – қоғамдағы жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру және оны сұранысты ету, техникалық және кәсіптік білім беруді жастар мен жұмыс берушілер үшін тартымды жүйеге айналдыру болып табылады.

Қазіргі кезде облыста Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу бойынша өңірлік жоспар қабылданды.  Оның шеңберінде 55 іс-шара өткізу жоспарланған. Осы жоспардың жартысына, яғни, 24-іне Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасы қатысады.

Айта кетейік, өңірлік кәсіпкерлер палатасы Ақмола облысының білім басқармасымен және колледждермен кадрларды даярлау мәселелері бойынша өзара тығыз іс-қимыл жасайды. Кәсіптік білім беру сапасын шешу, жастар жұмыссыздығын төмендету, кәсіптік білім беру мен еңбек нарығының қажеттілігі арасындағы алшақтықты қысқартудың бір жолы ретінде дуальді білім беруді дамыту мәселесі қолға алынған. Бүгінгі таңда білім басқармасымен және колледждермен бірлесіп, дуальді оқыту жүзеге асырылып жатыр. Бұдан басқа, Қазақстан кәсіпорындарының өнімділік деңгейін арттыру, өндірістегі білікті тәлімгерлердің тапшылығы проблемасын шешу мақсатында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы тәлімгерлік мектебі жобасын іске асырып келеді. 2023 жылы «Степногорск подшипник зауыты» акционерлік қоғамының базасында машина жасау, металлургия салаларының кәсіпорындарынан 19 тәлімгер оқытылды, олар тиісті сертификаттар алып, ұлттық кәсіпкерлер палатасы   тәлімгерлерінің тізіліміне енгізілді.

–Палата дуальді оқыту туралы шарттар тізілімінің иесі болып табылады. Бүгінгі таңда облыста 700-ден астам кәсіпорын және жеті салада 26 колледж 48 мамандық, 60 біліктілік бойынша 6184 студентті қамти отырып, дуальді оқытуға басымдық берген. Жұмыс берушілермен тығыз қарым-қатынас жасау арқылы білім беру бағдарламалары бизнестің өзекті қажеттіліктеріне бейімделді. Студенттер теориялық білім ғана емес, сонымен қатар, белгілі бір кәсіпорында жұмыс істеу үшін қажетті практикалық дағдыларды алады. Ал кәсіпорындар, өз кезегінде, оқу процесінде өздері үшін жұмысшы кадрларды таңдай алады. Палата алда да бизнес қоғамдастықты еңбек нарығында қажетті мамандықтардың сұранысын көрсете отырып, осы жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға белсенді қатысуға шақырады, – дейді бұл ретте, Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Мұсылманбек.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Сурет: www.kt.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар