Мемлекеттік қызмет
Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асырады.
Сондай-ақ, өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші.
2024 жылғы мамырда Ақмола облысы Әділет департаменті басшысының №152-н бұйрығына сәйкес маған Әдеп жөніндегі уәкілдің міндеттері жүктелді.
Әділет департаменті сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмауға және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауына бағытталған профилактикалық іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді.
Әдеп нормаларын бұзудың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен мемлекеттік қызмет істері агенттігі өкілдерінің қатысуымен тұрақты семинарлар өткізіледі. Биылғы жылы мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуына тыйым салу басты қадамдардың бірі болды. Бұл бөлімде қызметкерлер үшін профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылады, сондай-ақ халықты осы жаңа талаптар туралы хабардар етуге бағытталған мақалалар жарияланады.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оның салдарын көрсету мақсатында қызметкерлер үшін тергеу изоляторына және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы іс бойынша сот процесіне бару ұйымдастырылды. Бұл іс-шаралар кәсіби стандарттарды қатаң сақтау қажеттілігін түсінуді күшейте отырып, заң мен этика нормаларын сақтамаудың не әкелетінін нақты көрсетті.
Мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайту үшін БАҚ-та Жарияланымдар және мемлекеттік қызметшілердің жетістіктері туралы телевизиялық сюжеттер өткізіледі. Сондай-ақ мемлекеттік қызметке алғаш кірген немесе ол тоқтатылғаннан кейін оралған азаматтар үшін оқыту ұйымдастырылады. Бұл тренингтерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен мемлекеттік қызметте болуға байланысты талаптар түсіндіріледі.
Ұжымда қолайлы атмосфера құру және командалық рухты нығайту мақсатында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің оқытушыларының қатысуымен экологиялық акциялар, балалар суреттерінің конкурстары, сондай-ақ психологиялық тренингтер ұйымдастырылады. Үздік қызметкерлер кәсіби шеберлігі мен қызметтің дамуына қосқан үлесі үшін грамоталармен марапатталады.
Қызметтік әдепті бұзу туралы ақпараты бар азаматтар 8 (7162) 25-39-24 телефоны бойынша хабарласа алады. Жеке қабылдау күн сайын сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін, 8 (7162) 40-22-50 нөмірі бойынша қабылдауға жазылу жүргізіледі. Бұл шаралар қоғамның сеніміне лайық ашық және жауапты мемлекеттік қызметті қалыптастыруға бағытталған.
Медет ЕДРИСОВ,
Ақмола облыстық Әділет департаменті басшының орынбасары,
әдеп жөніндегі уәкіл.