Ақмолалық спортшылардың қысқы Азия ойындарындағы толағай жеңісі

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов шорт-тректен эстафеталық жарыстарда IX қысқы Азия ойындарының алтын және күміс медальдарын жеңіп алған, сондай-ақ, шаңғы жарысынан классикалық спринтте күміс жүлдеге ие болған  ақмолалық спортшыларды тарихи жеңісімен құттықтады.

«Харбинде (Қытай) өтіп жатқан Қысқы Азия ойындарындағы тарихи жеңісімен ақмолалық спортшылар мен олардың бапкерлерін шын жүректен құттықтаймын!

Біздің шорт-трекшілер Қазақстан спортының жаңа парағын ашып, 5000 метрлік эстафетада Азия ойындарының алғашқы алтынын жеңіп алды. Әсіресе, бұл жеңіске ақмолалық жерлестеріміз – Денис Никиша мен Мерсаид Жақсыбаевтың өз үлестерін қосқаны біз үшін үлкен қуаныш. Олардың шеберлігі, жеңіске деген жігері мен жанкешті еңбегі елімізге жоғары марапат әкелді.

Сондай-ақ, біздің қыздар да күміс медальды жеңіп алып, керемет жетістікке жетті! Ольга Тихонова мен Яна Ханның осы жеңіске қосқан үлесіне мақтанамыз.

Бұл жеңістер – спортшыларымыздың талантының, қажырлы еңбегі мен биік белестерді бағындыруға деген ұмтылысының айқын дәлелі. Олар жастарға үлгі болып, бәрімізге жігер береді.

Спортшыларымызға зор денсаулық, жаңа жетістіктер және ең биік спорттық тұғырларды бағындыруды тілеймін!» – делінген облыс әкімінің құттықтауында.

«Барша ақмолалықтардың атынан Никиша Денисті, Хан Янаны, Жақсыбаев Мерсаидті және Тихонова Ольганы Харбин (Қытай) қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарындағы күміс жүлдесімен құттықтаймын!

Сіздер шорт-тректен 2000 метрлік аралас эстафетада жоғары шеберлік танытып, күміс жүлдеге қол жеткіздіңіздер.

Бұл жетістік бапкерлеріңіздің сенімін ақтап, жанкүйерлеріңізді қуантты, сондай-ақ аймақ спортшыларының осы жарысқа жоғары деңгейде дайындалғанын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Алдағы жарыстарда жеңістеріңіз көбейіп, денсаулықтарыңыз мықты, отбасыларыңыз аман, табыстарыңыз мол болсын!» – делінген құттықтауда.

***

– Жерлесіміз Константин Борцовты Азия ойындарының күміс жүлдесімен құттықтаймыз! Шаңғы жарысының ең тартысты сайыстарының бірі – классикалық спринтте біздің спортшымыз табысты өнер көрсетіп, қызу бәсекеде екінші орынға ие болды. Бүгінгі таңда бұл – біздің спортшылар жеңіп алған екінші медаль. Алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз. Сіздер – Ақмола облысының мақтанышысыздар! – деп атап өтті Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өз құттықтауында.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Харбин (Қытай) қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында ақмолалық шорт-трекшілер – Денис Никиша, Хан Яна, Мерсаид Жақсыбаев және Ольга Тихонова 2000 метрлік аралас эстафетада күміс жүлдеге ие болды.

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар