Заң және тәртіп
Ақмола облыстық прокуратурасының бастамасымен «Жас ұрпақ» жастар бірлестігі қатарына оқушыларды мүшелікке қабылдау жөнінде салтанатты іс-шара өтті.
Оған облыстық прокуратура, полиция және жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты. Бірлестік қатарына осылайша тағы 50 оқушы қосылды. Қазіргі уақытта бұл жобаға 100 бала қатысады.
Жобаның мақсаты балаларды өмірлік құндылықтарға тәрбиелеу, аға буынға құрмет көрсету, патриотизм және әдеп ережелерін сақтау қағидаларына үйрету болып табылады. Жоба әртүрлі салаларды, оның ішінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуды қарастырады.
Жақын арада бұл игі жобаны бүкіл облыс бойынша жүзеге асыра бастау жоспарлануда. Бұл бастама белсенді және мәдениетті жастар қатарын ұлғайтуда маңызды қадам болмақшы.
Ақмола облыстық прокуратурасы.