2025 жыл – жұмысшы мамандықтар жылы болғандықтан, жұмысшы мамандықтардың имимджін көтеру мақсатында, облыстық жастар-ресурстық орталығының бастамасымен қаламыздағы ірі кәсіпорындарда қызмет етіп жүрген жұмысшы жастармен кездесу өткізуде. Аталған жыл аясында, облыстық ЖРО «НОВОПЭК» ЖШС кәсіпорнының жас қызметкерлерімен кездесіп қайтты.
«НОВОПЭК» компаниялар тобы өңірлік фабрикадан ЕАЭО елдеріндегі ірі өнеркәсіптік кешендердің біріне дейінгі жолдан өтіп, полимерлік қаптама нарығында көпжылдық көшбасшы болып табылады. Қазіргі уақытта өндірістік кешенде 1000-нан астам қызметкер бар және жылына 19000 тоннадан астам дайын өнім өндіретін қуаты бар 68000 шаршы метр аумақты алып жатыр.
Аталған шараға, «НОВОПЭК» ЖШС, «НR дамыту» бөлімінің бастығы – Мөлдір Арманқызы Кайрушева, Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығы басшысы – Дастан Амангелдіұлы Ермеков, Халықаралық «Aqmola Hub» IT-стартап технопаркінің өңірлік менеджері – Диан Мұратұлы Айбашпанов, «НОВОПЭК» ЖШС бас инженері – Степан Анатольевич Колесник, «Экструзия» бөлімінің басшысы – Әлішер Бекқожаұлы Кенжетаев, ұйымдастырушылар және «НОВОПЭК» кәсіпорнының жас қызметкерлері қатысты.
Шара барысында, облыстық ЖРО басшысы Дастан Ермеков жастарға арналған бағдарламалар мен жобалар бойынша сөз қозғап, жастарға таныстыра кетіп, алдағы уақытта ЖРО-мен тығыз байланыста болуға шақырды. Атап айтсақ, спорттық, ұлттық, зияткерлік ойындарға қатысуға, жалпы ЖРО-ның өткізетін іс-шараларына мүмкіндігінше белсене қатысу бойынша сөз етілді.
«НR» дамыту бөлімінің бастығы – Мөлдір Кайрушева, жас және жаңа жұмысшыларға кәсіпорын бойынша қандай жағдай бар екені жөнінде өз сөзінде былай деді:
«Жаңа қызметкерлер үшін компания 1 айдан 3 айға дейін жұмыс істейтін оқыту және бейімдеу жүйесін ұсынады. Осы кезеңде студенттер нұсқаушылардың басшылығымен өндірістік процестерді зерттейді және тәлімгерлермен практикалық тәжірибе алады. Оқу уақытына арналған шәкіртақы 120 000 теңгеден басталады. Компанияның үнемі кеңеюіне байланысты біз тігін жабдықтары операторлары, тоқымашылар, механиктер, жабдық операторлары және қосалқы жұмысшылар сияқты мамандарды іздейміз. Шәкіртақы басқа, компания қызметкерлерге ақысыз баспана мен жан-жақты тамақ ұсынады».
Сонымен қатар, Мөлдір Арманқызы кәсіпорын жөнінде толығырақ ақпарат алу мақсатында, студенттермен жиі кездесу ұйымдастырып отыруды ұсынды.
Сөз тізгіні «Aqmola Hub» IT-стартап технопаркінің өңірлік менеджері – Диан Айбашпановқа беріліп, өңірлік стартап жөнінде қатысушыларға презентациясын өткізді.
«Aqmola Hub» өңірлік it-хабы Көкшетау қаласында 2023 жылғы 27 қыркүйекте Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасымен және «Smart Aqmola» КММ-мен бірлесіп ашылды. Aqmola Hub жұмысының 12 айында Astana Hub қолдаудың барлық тетіктерін, бағдарламалары мен тәжірибелерін көрсететін өңірлік экожүйе құрылды. Компаниялардың, стартаптардың және IT-мамандардың қарқынды дамуы үшін жағдайлар жасалып, it-қоғамдастық қалыптасуда. USAID, IT Park Uzbekistan, Unicef, GAMELAB KBTU, digital Nomads және т.б. ұйымдармен бірлескен бағдарламалар жүргізілуде» — дейді Диан Мұратұлы.
Кездесу соңында «НОВОПЭК» ЖШС кәсіпорнының жетістігі мен тәжірбиесі бар жұмысшы мамандықтағы жастарды өңірлік ішкі саясат басқарма басшысы атынан алғыс хаттармен марапаттап, олармен зияткерлік ойын өткізді.
Қатысушылар белсенді қатысып, жеңімпаз командаларға естелік сыйлықтар табысталды.
Ізгі құрметпен, Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы
Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының баспасөз қызметі (Балабеков Жеңіс байл.тел.50-72-69)