Айналасы жарықпен  жарқырап тұр

Игі бір іс

Қажымұқан ауылында әйгілі қара күштің атасы, цирк әртісі, кәсіпқойлар арасында классикалық күрестен бірнеше дүркін әлем чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасұлының ескерткіші орналасқан аумақ жарықтандырылды.

Мұнда «КИПЭСТ» ЖШС қызметкерлерінің күшімен төрт жарық бағаны орнатылды. Жұмыстар демеушілік қаражат есебінен жүзеге асырылды. Енді ескерткіш кешкі уақытта бұрынғыдан да айқын көрініп, айналасындағы аумақ тұрғындар мен қонақтар үшін қауіпсіз әрі жайлы бола түсті.

Ауыл тұрғындары абаттандыру жұмыстары үшін аудан басшылығына шынайы алғыстарын білдірді. Олардың айтуынша, жарықтандыру тек ескерткіштің көркін арттырып қана қоймай, ұлы тұлғаның жарқын бейнесін асқақтатуға мүмкіндік беретін ерекше ахуал қалыптастырады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар