Ақмолалық жерлес спортшылар Олжас Климин мен Вадим Куралес Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан ІХ қысқы Азия ойындарында үздік шықты.
Олардың бірі шаңғы жарысынан қола, бірі биатлоннан күміс медальді жеңіп алды. Ақмола облысының әкімі екі спортшыны да осы жеңістерімен құттықтады. 10 шақырым қашықтыққа еркін тәсілмен жарыста Олжас Климин ол жоғары нәтиже көрсетіп, жапондық екі спортшыға ғана есе жіберді. Бұл – Қазақстан құрамасының шаңғы жарысындағы екінші жүлдесі. Бұған дейін ақмолалық Константин Борцов спринтерлік жарыста екінші орынға ие болған.
«Олжас Климинді, оның бапкерлерін, команданы және барлық қазақстандықтарды осы жарқын жеңіспен құттықтаймыз! Бұл медаль – оның жаңа жетістіктерінің бастауы болсын, алда оны халықаралық ареналарда бұдан да үлкен жеңістер күтіп тұр! Бұл марапат – қажырлы еңбектің, күнделікті жаттығулардың және үлкен жанқиярлықтың жемісі» деп атап өтті облыс әкімі құттықтау жеделхатында.
Сондай-ақ, шаңғыдан спринтерлік жарыста екінші жүлдегер атанған Вадим Куралеске жолданған құттықтау жеделхатта да:
«Вадим Вадимовичті, жаттықтырушылар штабын және барлық биатлон жанкүйерлерін құттықтаймыз! Сіздің табандылығыңыз, кәсіпқойлығыңыз және жеңіске деген ұмтылысыңыз жанкүйерлер мен биатлонға қызығушылық танытатын жандарды шабыттандыра түседі. Сізге жаңа жеңістер, тұрақты нәтижелер және халықаралық жарыстарда жарқын табыстар тілейміз» делінген.
Айта кетсек, IX қысқы Азия ойындарында ақмолалық спортшылар бүгінгі күнге дейін жалпы алғанда 11 медаль жеңіп алды.
Осылайша, жерлесіміз ел құрамасының медаль қоржынына 1 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль салды.
Жалпы, Қазақстан құрамасы сапында біздің облыстан бұл жарыстарға 14 спортшы қатысуда.
Ақмола облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.
2 Total Views , 1 Views Today