Сіздерді Қазақстанның халық әртісі, ән падишасы Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналған «Ән аға – Шәмші аға» облыстық байқауының гала-концертіне шақырамыз! Ақмола облысының үздік өнерпаздарының орындауында сырға толы жүрек тебірентер сүйікті әндеріңізді тыңдай аласыздар.
Кеш қонағы – қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Маржан Арапбаева.
Сіздерді 20 ақпан күні сағат 18.30-да «Көкшетау» мәдениет сарайында күтеміз!